Лауазым туралы ақпарат:
- бухгалтерлік ақпарат құпиясын және бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
- өз құзыреті шеңберінде ХҚЕС өзгерістер мониторингін қадағалайды;
- компанияның бухгалтерлік және салықтық есебін, оның ішінде тауарларды өткізу /қызметтерді көрсету есебін, резидент еместермен есеп айырысуды, импортты, берілген/алынған қарыздарды есепке алуды жүргізеді;
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді қалыптастырады, салық есептерін ұсынады, бюджетпен есеп айырысуды салыстырып тексереді, салық органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, салықтық жоспарлауды жүзеге асырады;
- Департамент құзыреті шеңберінде мемлекеттік тапсырмалар, мемлекеттік ҚДС шарттарының орындалуына мониторинг жүргізеді;
- МҚТ/мемлекеттік тапсырма, жалпы әкімшілік қызмет шеңберінде Бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша тексеруші мемлекеттік органдармен, сыртқы және ішкі аудиторлармен, "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ (бұдан әрі – Компания) құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- қолданылатын есепке алу саясатына ҚЕХС сәйкес жеке қаржылық есептілікті дайындайды;
- компанияның жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның ұсынымдарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- бухгалтерлік есептілік әдіснамасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен және және оның еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
- сатып алу бойынша тендерлік құжаттаманы дайындау шеңберінде техникалық ерекшелікті (тапсырманы) әзірлеуді ұйымдастырады, оның бастамашысы Департамент болып табылады;
- түпнұсқаларды (сенімхаттарды қоспағанда) сақтауды және жасалған шарттардың (келісімдердің, меморандумдардың, сенімхаттардың және бастамашысы компания болып табылатын өзге де мәмілелердің) орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда компанияның мүдделерін білдіруді қамтамасыз етеді;
- өз құзыреті шегінде заң қызметімен бірлесіп, Компанияның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуге қатысуды ұйымдастырады;
- Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің және Компанияның ЕТҰ тиісті қызметтерінің жұмысына консультациялық-әдіснамалық және практикалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
- Компания органдары мен лауазымды тұлғаларының, акционердің, Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен келіп түскен өзге де мемлекеттік органдардың тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары қаржы-экономикалық білімі (бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша болғаны дұрыс);
- «кәсіби бухгалтер сертификаты» біліктілігі, DipIFR/ CMA/ACCA/CIMA / CIA артықшылығы болады;
- Кәсіби саладағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; компания тобында және/немесе үлестес ұйымдарда кәсіби саладағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы қажет;
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, төлемдер туралы, валюталық реттеу туралы, еңбек, салық заңнамасы туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын білу;
- қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарын білу;
- аудит әдіснамасын білу және түсіну;
- нормативтік құжаттарды әзірлеу/жазу дағдылары;
- MSOffice бағдарламаларының сенімді пайдаланушысы, 1С Бухгалтерия 8.0, «салық төлеушінің кабинеті» жүйесі, «ЭШФ АЖ», gosreestr.kz;
- қазіргі заманғы техникалық құралдарды, коммуникация мен байланысты қолдана отырып, ақпаратты өңдеу дағдылары.
Конкурсқа қатысушылардан құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Түйіндемені электрондық пошта арқылы жіберіңіз ok@ke.kz
Сіздің кандидатураңызды қарастыру үшін белгіленген нысанда түйіндемені толтыруыңыз керек, оны осы жерден жүктеп алуға болады.