Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Кадрларды басқару бөлімшесінің кеңесшісі

Негізгі функционалдық міндеттері:

  1. Компанияның кадрлық құжат айналымының толық циклын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу (қызметке қабылдау, жұмыстан шығару, ауыстыру, орын ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу, мадақтау, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтар), сондай-ақ Компанияның кадрлық құжаттаманы есепке алу және сақтауын қамтамасыз ету;
  2. жұмыс уақытын есепке алу және Компания қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін қалыптастыру;
  3. Компанияның аутсорсинг секторы өкілдерінің қызметін ұйымдастыру, өтеулі қызметтер көрсету шарттарын жасасу;
  4. еңбек шарттарын дайындау, ресімдеу және сақтау, оларға қосымша келісімдерді уақтылы жасасу;
  5. Компанияның кадрлық құжат айналымының толық циклын 1С-Жалақы және персоналды басқару бағдарламасында жүргізу;
  6. қызметкермен еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алу бірыңғай жүйесінде (enbek.kz) тіркеу;
  7. Компанияның кадрлық құжат айналымының толық циклын 1С – Бірыңғай кадрлық жүйеде жүргізу;
  8. ішкі еңбек тәртібінің, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  9. Компанияның ЕТҰ-мен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасау.

Біліктілік талаптары:

  • жоғары кәсіби білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) мамандығы бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа міндетті білімдер;
  • лауазымның функционалдық бағыты бойынша сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын білу: Конституция, Еңбек кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң және т. б.;
  • мемлекеттік тілді еркін меңгеру;
  • сенімді пайдаланушы 1С-Жалақы және персоналды басқару, ЕСУТД, 1С-Бірыңғай кадр жүйесі;
  • ДК сенімді пайдаланушысы, «eGov», «e-Otinish» ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары;
  • аналитикалық ойлау, деректердің үлкен көлемін талдай білу, шешімдерді өз бетінше әзірлеу, іскерлік жазу дағдылары;
  • қарым-қатынас дағдылары, келіссөздер жүргізу дағдылары, командада жұмыс істеу қабілеті, тиімді ішкі өзара іс-қимыл.

Жұмыс шарттары:

Жалдау нысаны: ҚР ЕК сәйкес еңбек шарты

Жұмыс кестесі: 5 күндік жұмыс аптасы, 9-00 сағаттан 18-30 сағатқа дейін

Іссапарлар: мүмкін

Демалыс: ҚР ЕК сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысы

Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру

Байланыс телефоны: 8 (7172) 72-52-52 (іш. 1605)

Түйіндемені электрондық поштаға жіберу ok@ke.kz         

Кері қайту