Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Атқарушы органының басшысы – Бас директор

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (бұдан әрі - Компания) резервін қалыптастыру мақсатында Компания еншілес ұйымдарының атқарушы органның басшысы – Бас директоры лауазымына өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

·      инженерлік-техникалық, және/немесе әскери, және/немесе заң, және/немесе экономика және қаржы салаларда жоғары кәсіптік білім, мүмкіндігінше "Іскерлік әкімшілік магистрі" дәрежесінің болуы;

·      лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 10 (он) жыл, оның ішінде ұйымның тиісті бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл кәсіби жұмыс тәжірибесінің болуы;

·      қазақ, орыс және мүмкіндігінше ағылшын тілдерін білу.

Кадр резервіне енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

белгіленген нысандағы түйіндеме (үлгі);

білім туралы құжат;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;

ұсыныс хаттар;

Түйіндемені ok@ke.kz электронды поштаға жіберіңіз


Кері қайту