Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС
logo

2010 жылдың желтоқсан айында құрылған.

Тепе-тең негізде құрылған бірлескен кәсіпорынның құрылтайшылары "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ және EADS – "Eurоcopter" концернінің еншілес компаниясы болып табылады (2014 жылғы қаңтардан бастап Airbus Helicopter деп өзгертілді).

ЕС145, H125, H130 тікұшақтарын құрастыру және оларға қызмет көрсету жөніндегі зауыттың орналасқан жері – Астана қаласының халықаралық әуежайының ауданы.

Зауыт механикалық тораптарға қызмет көрсету, табақ металдан жасалған бұйымдарды жөндеу, Электр жабдықтарын және борттық радиоэлектрониканы жөндеу, композитті материалдар мен қалақтардан жасалған бұйымдарды жөндеу шеберханаларымен, қозғалтқыштарды, гидравликалық жабдықтарды жөндеу шеберханасымен, техникалық қызмет көрсету және бояу жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жайлармен, автономды қазандықпен, қойма үй-жайларымен жабдықталған.

Жоспарланған өнімділік-жылына 8-10 тікұшаққа дейін.

Өнімнің негізгі түрлері:

  • ЕС145, H125, H130 тікұшақтарын құрастыру, сату, техникалық қызмет көрсету;
  • Әлеуетті тапсырыс берушілердің ұшу және техникалық құрамының персоналын оқыту.

Байланыс ақпараты:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана Қ.,

Айналма жол көшесі 229, № 8 ғимарат.

Тел: +7 (7172) 27-25-90

Сайт: www.eurocopterke.kz

E-mail: info@eurocopterke.kz

Кері қайту