Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесіне алғаш сайланған күні / Компанияның қолданыстағы Директорлар кеңесінің мүшесіне сайланған күні: 10 қараша 2025 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 29 қараша 1986 жыл
Білімі:
- 2008 жылы Қазақ гуманитарлық - заң университетінің «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтады;
- 2014 жылы Қазақстан технология және бизнес университетінің «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады;
- 2019 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы «Евроменеджмент» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек өтілі:
2008 жылғы қыркүйектен – 2008 жылғы қараша аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің РМК «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» Халықаралық қатынастар қызметінің жоғары санатты сарапшысы болып жұмыс істеді.
2008-2012 жылдары «Қазаэросервис» АҚ Әкімшілік- шаруашылық бөлімінде түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.
2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінде Мемлекеттік сатып алуларды құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы (ШЖҚ РМК «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми – өндірістік орталығы»), сондай-ақ маркетинг және коммерция Басқармасының бастығы (РМҚК «Жер кадастры ғылыми- өндірістік орталығы») қызметтерін атқарды.
2013-2015 жылдары «Әскерилендірілген темір жолы күзеті» АҚ басшылық лауазымдарын атқарды.
2015-2020 жж.- «Самұрық-Қазына» қорының құрылымдарында, оның ішінде корпоративтік университетте, «Самұрық – Қазына Контракт», «ҚМГ - Сервис» және «Самұрық - Энерго» АҚ негізгі лауазымдарды атқарды.
2020-2025 жж.- энергетика саласында және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ сатып алулар департаментінің басшысы және негізгі сатып алу санаттары бойынша директор лауазымдарын атқарды.
2025 жылы тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кеңесшісі міндетін атқарушы болып табылады.
Холдинг акцияларына, сондай-ақ Холдингтің өнім берушілері мен бәсекелестері болып табылатын заңды тұлғалардың акциялары мен қатысу үлестеріне иеленбейді