Екі түрдегі шлемофондар – қысқы және жазғы (З түрі - тері астары және Л түрі -сәтен астары) және үш шартты өлшемдері (бой I, II, III). Шлемофон бойының нөмірі адам басының өлшеміне сәйкес келеді: I – бас өлшемі 56 см дейін, II – 57 – 59 см, III – 60 – 61 см.
Шлемофон беттен басқа бастың үстінгі жағын жауып тұратын бас киім.
Оператордың басын нысан құрылымының элементтер соққысынан қорғау үшін шлемнің желке бөлігінің маңдайшасынан төмеңгі жағына дейінгі жерде орналасқан төрт амортизатор (1), шлемофонның бүйір жақтарында орналасқан екі самай амортизаторы (2) және маңдай амортизаторы – маңдайша (3) қарастырылған.
Екі түрдегі шлемофондар – қысқы және жазғы (З түрі - тері астары және Л түрі -сәтен астары) және үш шартты өлшемдері (бой I, II, III). Шлемофон бойының нөмірі адам басының өлшеміне сәйкес келеді.
|
Шлемофон бойының нөмірі |
Өлшем |
Тапсырыс кезінде өдшемдердің пайыздық арасалмағы |
|
I
|
56 дейін қоса алғанда |
30
|
|
II |
57–59 |
50 |
Шлемофонның бүйір жақтарындағы бітеуіштер үстіңгі жағында клапандармен (5) жабылған қалталарда (4) орналасқан. Шлемнің желке бөлігінде ларингофон (6) бауларына арналған белдіктер орналасқан. Ларингофон бауларына арналған белдіктерге жұмсақ теріден жасалған ларингофондарды (7) салуға арналған чехолдар қосылған. Чехолдарда бау салынған және олар теріден жасалған тігіспен басылған ұзындығы шамамен 200 мм белдіктермен (8) аяқталады. Өлшемдері бойынша реттеу жылжымалы замокпен (9) жүзеге асады. Шлемофонның желке бөлігінің сыртында операторды атмосфералық жауын шашыннан қорғайтын қайырмалы клапан (10) бар. Қайырмалы және түсірілген қалыпта клапан түймеге ілмек арқылы ілінеді.
Бас бойымен шлемді реттеу үшін төбелік бөліктің ішкі бетінде айылбасы бар реттегіш белдік орналасқан. (11). Баста шлемофонды бекіту үшін иек асты клапандарда айылбасы бар белдік орналасқан (12). Шлемофон 4 контактілі вилкамен (ларингофон ЛЭМ-3) аяқталатын баумен жабдықталған, ол 5 контактілі вилкамен (ларингофон ЛЭМ-5) (13) баумен жинақталу мүмкін, осы арқылы шлемофон кеудедегі ауыстырып-қосқышпен қосылады. Желке бөлігінде бұл бау телефон мен ларингофонды байланыстырушы сымдарға бөлінген.