Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы немен айналысады?

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ 2003 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін басқару жүйесін жетілдіру және қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын біріктіру мақсатында құрылды.

Қазіргі уақытта мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне берілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 қаулысы).

Компанияның миссиясы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық шешімдер мен өнімдерді ұсыну болып табылады.

Негізгі стратегиялық даму бағыттары:

  1. Өндірісті әртараптандыру;
  2. Инновациялық даму;
  3. Өндірістік және пайдалану тиімділігін арттыру;
  4. Ұйымдастырушылық және тұрақты даму;
  5. Қаржылық тұрақтылық.

Компанияны дамыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 969 қаулысымен бекітілген 2020–2029 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан инжиниринг құрамына қанша кәсіпорын кіреді?
«Қазақстан инжиниринг» Холдингін 15 еншілес және тәуелді ұйымды (бұдан әрі – ЕжТҰ) қамтиды. Осы ЕжТҰ туралы ақпаратты веб-сайтта «Еншілес және тәуелді ұйымдар» қойындысынан табуға болады.
«Қазақстан инжиниринг» Компаниясының қазіргі Басқарма Төрағасы кім?
Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 14 мамырдағы шешімімен Талғат Тоқтарханұлы Тұрлыбаев «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
Компанияның жылдық есептері мен қаржылық ақпаратын қайдан алуға болады?
Барлық есептер «Есептер мен нәтижелер» бөлімінде мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://ke.kz/company/reporting-and-results/.
Веб-сайттағы бос жұмыс орындарын қайдан көруге болады және түйіндемені қайда жіберуге болады?
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарындағы ашық лауазымдар веб-сайттың «Бос жұмыс орындары» бөлімінде орналастырылған. Сұрақтарыңыз болса немесе түйіндемеңізді жібергіңіз келсе, ke@ke.kz электронды поштасына хабарласыңыз.
БАҚ сұраулары бойынша қайда хабарласуым керек?
Бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдары бойынша press@ke.kz поштасына хабарласыңыз.
Компания басшылығымен кездесуді қалай белгілеуге болады?
Компания басшылығымен кездесуді жоспарлау үшін «Қабылдау кестесі» бөлімінде көрсетілген байланыс ақпаратына сұраныс жіберіңіз. Компания басшылығы азаматтарды тек белгілі бір күндер мен уақытта қабылдайтынын ескертеміз.
Қазақстан инжинирингтің бас кеңсесі қайда орналасқан?
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кеңсесі Астана қаласы, Керей, Жәнібек хандары көшесі, 12А мекенжайында орналасқан (Астана бизнес орталығы).