Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы Қазақстан халқының тілдері күнін атап өтті

«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал»

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

2025 жылдың 5 қыркүйегінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да Қазақстан халқының тілдері күніне арналған салтанатты шара өткізді. Бұл мереке ежелден мәдени мұра мен ұлттық болмысты құрметтеудің нышаны болып, ел бірлігін нығайтудағы тілдік әралуандылықтың маңыздылығын атап көрсетеді. Өйткені, тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сол халықтың өміршең жадысы, тарихы, салт-дәстүрі, рухани байлығы.

Әрбір жоба жоғары дәлдік пен ұжымдық жұмысты талап ететін қорғаныс өнеркәсібінде тілдің рөлі ерекше ма. Өйткені ол ұжымды біріктіріп, сенім мен өзара түсіністік атмосферасын қалыптастырып, ортақ нәтижеге жұмыс істеуге көмектеседі. Компания үшін мемлекеттік тіл саясатын қолдау тек мәдениетке ғана емес, еліміздің, индустрияның болашағына қосқан үлес болып табылады.

Бағдарламаның қомақты бөлігі көрнекті ғалым, ағартушы, реформатор Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына арналды. Ұжым оның ұлттық жазуды дамытуға қосқан үлесін: әліпбидің жасалуын, алғашқы оқулықтарын, грамматика және әдебиеттану бойынша еңбектерін еске алды. Қазақстандағы жаппай сауаттылықтың бастауында тұрып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамуының негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы болды.

Сондай-ақ бұл күні мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттаудағы белсенді жұмысы үшін қызметкерлер Серікқазы Абайжан мен Нұрқасымова Арайлым Құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың өнегесі тіл мәдениеті әр адамның бастамасынан басталатынын, мейлі ол білім беру жобаларына қатысудан, мейлі қазақ тілін үйренуде әріптестердің қолдау көрсетуінен басталатынын еске салған маңызды оқиға болды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ тіл саясаты мен қорғаныс-өнеркәсіптік кешен бір-бірімен тығыз байланысты екеніне сенімді. Мәдени мұра мен ұлттық бірегейлікті сақтау инженерлік ойды, инновацияны дамытумен және мамандарды даярлаумен қатар жүреді. Өйткені, тіл ұрпақты біріктіріп, халықты күштірек ететіні сияқты, заманауи технологиялар да Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту үшін инженерлердің, ғалымдар мен конструкторлардың күш-жігерін біріктіреді.

Кері қайту