«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да мемлекеттік тілді насихаттау мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған «Ұлттық диктант» жалпыұлттық жобасына қатысу бойынша ауқымды мәдени-танымдық іс-шара өтті.
«Ұлттық диктант» - Қазақстанның қоғамдық өмірінің маңызды бөлігіне айналған бағдарлама. Ол мектеп оқушыларынан бастап мемлекеттік органдар мен компаниялардың өкілдеріне дейін бүкіл ел бойынша мыңдаған қатысушыларды біріктірді. Негізгі мақсат - халықтың сауаттылық деңгейін тексеріп қана қоймай, қазақ тілінің ұлттық мәдениеттің, тарихтың және халықтың рухани бірлігінің негізі ретіндегі маңызын еске түсіру.
Іс-шара тілді білу тек шеберлік емес, оның тамыры мен тарихына құрмет көрсету екенін көрсетуге арналған. Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары үшін де «Ұлттық диктантқа» қатысудың айрықша маңызы бар. Жұмысшы мамандықтар жылы тілдің дамуы әр қызметкердің кәсіби және жеке өсуіне тікелей байланысты екендігі ерекше маңызды. Өйткені, сауатты, мәдениетті және саналы сөйлеу кәсіби мәдениет пен іскерлік қарым-қатынастың ажырамас бөлігі болып табылады, әсіресе стратегиялық маңызды салаларда дәлдік, жауапкершілік және ұлттық құндылықтарды құрметтеу жоғары бағаланады.
«Мемлекеттік тілді меңгеру – мәдениеттілік пен өз еліне деген құрметтің көрсеткіші. Мұндай бастамалар өз ана тіліне деген жауапкершілікті қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды нығайтуға септігін тигізеді», - деп атап өтті «Қазақстан инжиниринг» Әкімшілік жұмыс жөніндегі қызметінің бастығы Марғұлан Күзекбаев.
Мәтіндер Компания қызметкерлерінің қазақ тілін білу деңгейіне сәйкес дайындалған. Ұжым диктантқа ынтамен қатысып, жоғары қызығушылық пен белсенділік танытты. Көптеген адамдар үшін өз білімдерін тексеруге ғана емес, сонымен қатар тілді меңгерудегі күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік болды.
Жобаның нәтижелері «Қазақстан инжиниринг» үжымының мәдени дәстүрлерді құрметтеу рухымен және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысымен ерекшеленетінін көрсетті. «Ұлттық диктант» байқауына қатысу Компанияның сауатты жазу мәдениетін насихаттауға, тілдік ортаны дамытуға және қызметкерлер арасында ана тіліне саналы көзқарасты тәрбиелеуге қосқан үлесі болды.