Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Ұлттық компания эскпорттық әлеуетін арттыруда

2019 жылдың 28 қазанында Нұр-Сұлтанда Airbus Helicopters тікүшағын Тәжікстанға экспортқа шығару рәсімі болды. Бұл Тәжікстандағы осы санаттағы тұңғыш тікұшақ болып табылады және оны «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС (бірлескен кәсіпорынның 50% «Қазақстан инжиниринг» АҚ - 50% Airbus Helicopters тиесілі) құрастырған.

Аталған жоба Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы үкіметтің қолдауымен және «KazakhExport» АҚ қатысумен жүзеге асты.

«Біз бүгін өндірістік қуатты, импортты алмастыруды және компанияның эскпорттық әлеуетін арттыру бағытында жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі шара өте маңызды өйткені ол тек Тәжікстанның ғана емес тұтас Орталық Азия нарығына есік ашып отыр. Сондай-ақ, жыл сайын тікұшақтарды жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету, ұшу құрамын оқыту бойынша экспорттық қызметтер артып келеді. Жалпы «Қазақстан инжиниринг» АҚ компаниялар тобы бойынша былтырмен салыстырғанда арнайы және қос мақсаттағы өнімдердің экспорты 30 пайызға өседі деп күтілуде» - дейді «Қазақстан инжиниринг» АҚ  Басқарма төрағасы Қуаныш Бишімов. 

«Еврокоптер Казахстан инжиниринг» Н145, Н130, Н125 тікұшақтарын Қазақстан нарығында және дистрибьютрлік аймақта  (Қырғызстан, Тәжікстан, Монголия, Ресей) сататын және жанамалы қызметтер (ұшу-техникалық құрамда оқыту, жөндеу мен техникалық қызметтер) көрсететін ТМД мен Орталық Азиядағы бірден бір кәсіпорын.

«Қазақстан инжиниринг»  ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту