Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан мен Беларусь әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуда

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссиясының Х отырысы өтті.

Қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Талғат Жанжүменов, Беларусь атынан–Беларусь Республикасының Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Пантус төрағалық етті.

Сондай-ақ Кіші комиссия жұмысына екі мемлекеттің мемлекеттік органдарының уәкілдері мен келесі жетекші қорғаныс кәсіпорындары "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, "№405 Авиажөндеу зауыты" АҚ, "Қазақстан авиациялық индустриясы" ЖШС, "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ, "Семей инжиниринг"АҚ, "Тыныс"АҚ, "Қазақстан Парамаунт инжиниринг" ЖШС, " С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты "АҚ,  "№558 Авиациялық жөндеу зауыты" ААҚ, «БСВТ-жаңа технологиялар», "КБ Радар" ААҚ, "АГАТ – басқару жүйесі" ААҚ, "140 жөндеу зауыты" ААҚ және басқалар қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар әскери-техникалық саладағы ағымдағы және перспективалық екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін, оның ішінде өзара жеткізу, бірлескен өндірістер, сондай-ақ Қазақстан мен Беларусь аумағында өндірістің жекелеген түрлерін оқшаулау мәселелерін талқылады. Осы бағыттағы ынтымақтастықты жоспарлы және үдемелі дамыту, сондай-ақ екі мемлекеттің күштік ведомстволарының мүддесінде әскери және қос мақсаттағы өнім өндіру, сондай-ақ оның үшінші елдердің нарықтарына шығуы үшін Тараптардың қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы кооперациялық байланыстарды күшейту атап өтілді.

Елдер бүгінгі күні біздің елімізде авиациялық техниканы, радиолокациялық кешендерді, сондай-ақ АЖЖЖ-мен күрес жөніндегі жүйелерді жөндеу өндірісін оқшаулау және сервистік қызмет көрсету жөніндегі бірлескен жобаларды іс жүзінде іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылып, Кіші комиссияның өкілеттіктерін кеңейту және әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Қазақстан-Беларусь комиссиясын құру мәселесін пысықтау туралы шешім қабылданды.

http://miid.gov.kz/kk/news/kazakstan-men-belarus-skeri-tehnikalyk-yntymaktastykty-nygaytuda

Кері қайту