Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Семей машина жасау зауытына» - 50 жыл

«Семей машина жасау зауыты» АҚ «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы құрамындағы қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Зауыт мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында және одан бөлек азаматтық мақсаттағы өнімдерді шығарады.

Қазір ол МАЗ жүк көлігін шығару лицензиясына ие Қазақстандағы бірден бір кәсіпорын. Мұнда машина жасау өндірісінің толық циклы жасақталған.

«Кәсіпорын жаңа технологиялар мен өндірістік   желілерді игерді. Жауынгерлік тіркемелер және танк, БТР, БМП қозғалтқыштарынан бөлек біздің мамандар инженерлік техникаларды күрделі жөндеуден өткізуді меңгерді. Ол үшін цехтарда әртүрлі инженерлік техникаларды жөндеуге арналған 400-дей қосалқы бөлшектер мен құралдарды өзіміз жасаймыз.

Зауыт тарихында қиын кезеңдер де болды, бірақ ең бастысы өндіріс қуаты мен баға жетпес еңбек тәжірибесін сақтап қалдық. Осындай сирек өнімдерді шығаратын мамандардың еңбегі мен талантын мақтан тұтамыз. Олардың өндірістегі жетістіктері үшін көптеген марапаттарға ие болып жүргенін айта кету керек», - дейді зауыттың бас директоры Нұрлан Омаров.

Бүгінде зауыт шынжыр табанды техника ГТ-ТБУ транспортердің ұзартылған жаңа үлгісін табысты шығарып келеді. Оның ерекшелігі жүк алаңының кеңдігінде жатыр. Соның арқасында машинаның техникалық сипаттамалары артып (жалпы салмағы 4 тонна дейін бұрғылау, сорғылау және басқа да қондырғыларды) өндіруші өнеркәсібінің әртүрлі салаларында тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

Өндірістік үлгілердің молаюы кәсіпорынның Қазақстандағы және ТМД-дағы орнын нығайтып, ресейлік мұнай өндіруші және геофизикалық компаниялармен байланысын арттыра түсті. Қазіргі таңда «Семей машина жасау зауыты» ТМД аумағындағы шынжыр табанды техникаларды шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады.

Н.Омаровтың айтуынша қазақстандық құрамның үлкен үлесі бар машиналарды шығарады және олар аталған техникаларға қойылатын жоғары талаптарға сай, әрі сапасы осы тектес шетелдік өнімдерден кем түспейді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту