Отырыс Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары, ӘЭЫХК төрағасы Юрий Борисовтың төрағалығымен өтті.
Отырысқа Армения Республикасының вице-премьері Тигран Авинян, ҰҚШҰ Бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков, Ресей Федерациясының Армения Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі Сергей Копыркин, сондай–ақ Ұйымға мүше мемлекеттер Комиссиясының ұлттық бөлімдерінің делегациялары қатысты. Қазақстандық делегацияны Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Талғат Жанжүменов басқарды.
Отырыс барысында өткен жылғы қыркүйекте Алматы қаласындағы өткен отырыстан кейінгі өткен кезеңдегі комиссия қызметінің қорытындылары шығарылды, атқарылған жұмыс нәтижелері қаралды және ҰҚШҰ шеңберіндегі әскери-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары анықталды.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша осы саладағы көпжақты өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, ҰҚШҰ шеңберінде бірлесіп әзірленетін және өндірілетін әскери мақсаттағы өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және бақылауға кешенді жүйелік көзқарас тұжырымдамасының жобасы, сондай-ақ "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіптік (әскери–өнеркәсіптік) кешендерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының кооперациялық және интеграциялық байланыстарын дамыту саласындағы базалық ұйым туралы" ҰҚШҰ ҰҚК шешімінің жобасы мақұлданды.
ҰҚШҰ шеңберіндегі әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау мәселелері бойынша шешімдер кешені қабылданды. Атап айтқанда, зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтардың болжамды бұзылуы бойынша шарттарға қатысушылардың өтініштерін қарау тәртібі, сондай-ақ ҰҚШҰ–на мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау мәселелері бойынша ӘЭЫХК жанындағы Үйлестіру кеңесінің Ұлттық бөлімдері арасында ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру регламенттелді. Сондай-ақ осы саладағы кейбір қолданыстағы құжаттарға өзгерістер енгізілді.
23 қазанда "INTERPOLITEX-2019" мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарының халықаралық көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында ХШЖК көрме кешенінде өтетін ҰҚШҰ-ның "ҰҚШҰ–ға мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы: даму тенденциялары, проблемалары және перспективалары" халықаралық әскери-экономикалық конференциясына дайындық барысы туралы мәселе қаралды.
Бұдан басқа, ҰҚШҰ шеңберінде әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау мәселелері бойынша ҰҚШҰ ӘЭЫХК жанындағы үйлестіру кеңесінің және ҰҚШҰ ҰҚК жанындағы қару-жарақ пен әскери техниканы стандарттау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстары өткізілді.
Комиссия мүшелері сондай-ақ 2020 жылға арналған ӘЭЫХК жұмыс жоспарын бекітті. Комиссияның кезекті отырысын 2020 жылғы қыркүйекте Беларусь Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.