Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазтехнологиялар» АҚ-ның 100% акциялар пакеті «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ бақылауына берілді

Осылайша, «Қазтехнологиялар» АҚ және «Steel Manufacturing» ЖШС «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ құрамына енді.

«Қазтехнологиялар» АҚ өз қызметін басы артық оқ-дәрілерді, қару-жарақты, әскери техниканы және арнайы техниканы жою және өңдеу саласындағы қызметті жүзеге асырады.

Кәсіпорынның өндірістік учаскелері қазіргі заманғы қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған, сонымен қатар әртүрлі типтегі және калибрдегі оқ-дәрілерді (зымырандық және артиллериялық қару, инженерлік оқ-дәрілер) қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

«Steel Manufacturing» ЖШС – заманауи, жоғары технологиялық кәсіпорын. Ол қазір «Қазақстандық патрон зауыты» жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба Қазақстанда атыс қарулары үшін оқ-дәрілер шығаратын жаңа өндіріс құруға бағытталған.

«Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Т.Жанжүменов оқ-дәрілерді сақтау мен жоюдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттер қойды, сонымен қатар осы жылдың екінші тоқсанында патрон шығару жобасын іске қосуды тапсырды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту