Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қуаныш Бишімов «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қуаныш Ердәулетұлы Бишімов басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Н. Әбдібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Қуаныш Бишімов 1972 жылғы 2 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды политехника институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2001 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы ТББ механик-бақылаушысы, №3 Қарағанды автобус паркінің өндірістік диспетчері болып бастады.

Түрлі жылдары кедендік органдарда, Экономика және сауда министрлігінің, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2003 жылдан 2005 жыл аралығында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қорғаныс өндірістері, жобаларды басқару және техникалық даму департаментінің директоры лауазымын атқарды.

2005 жылдан 2017 жыл аралығында «Тыныс» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президенті болып жұмыс істеді.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

https://primeminister.kz/kz/hrpolitic/appointments/kuanyish-bishimov-naznachen-predsedatelem-pravleniya-ao-nk-kazahstan%20inzhiniring

Кері қайту