Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Отандық өндірістің кресло-арбаларының бірінші партиясы қойылды

Түркістан облысына 204 бірлік көлемінде отандық өндірістің электр жетегі бар кресло-арбалардың алғашқы партиясы жеткізілді. Аталған өнімді "Қазақстан инжиниринг" ҰК АҚ еншілес кәсіпорны - "Тыныс"зауыты шығарады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған 1379 арба жеткізу жоспарлануда.

Бұл "Тыныс" зауыты конструкторларының жеке әзірлемесі. Жалпы салмағы 70 кг дейін, жүру қашықтығы – 30 км, жүк көтергіштігі 140 кг дейін. 

Айта кетейік, соңғы уақытқа дейін Қазақстанда кресло-арбалар өндірушілердің болмауына байланысты олар Ресейден, Қытайдан және Еуропа елдерінен импортталды.

Бұл жоба дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қажеттілігін қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бұдан басқа, бұл номенклатураны кеңейтуге және қорғаныс-өнеркәсіп кешені көлемінде азаматтық өнім өндірісінің үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, "Тыныс" зауытында өндірілетін негізгі өнім –авиациялық техникаға арналған жинақтаушы бұйымдар, ҚР әлеуетті құрылымдары үшін жеке қорғаныс құралдары. Сондай-ақ, мұнда мұнай-газ секторы, теміржол саласы және т. б. үшін өнімдер шығарылады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту