Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Семей машина жасау зауыты» АҚ-дағы жағдай бойынша ақпараттық хат

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ осы хатты

2022 жылғы 8-ші маусымда барлық жауапты

 мемлекеттік, сот, жергілікті атқарушы және

құқық қорғау органдарына, қоғамдық кеңеске

жолдады (шығ. № 1111-И).

(ақпарат 2022 жылғы 6 қазандағы жағдай

бойынша жаңартылды)

«Семей машина жасау зауыты» АҚ-дағы

жағдай бойынша ақпараттық хат

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның негізгі акционері ретінде республиканың көне машина жасау кәсіпорындарының бірінде қалыптасқан дағдарысты жағдай алаңдатпай қоймайды. Зауыт банкротқа ұшырауы мүмкін, ол қатты қылмыстық істермен шайқалған, несие берушілердің көптеген талаптары кәсіпорынға қойылған. Әлеуметтік шиеленістің өсу қаупі бар өндірісті тоқтатудың нақты перспективасы бар.

1969 жылы негізі қаланған Зауыт бұрын тапсырыстармен тұрақты қамтамасыз етілген және шынжыр табанды, тіркемелі техника мен теміржол саласы үшін өнім өндіру бойынша бірегей құзыреттіліктерінің болуымен танымал болған. Кәсіпорын машина жасау өндірісінің толық циклына ие болды – меншікті жер учаскесіндегі шеберханалар, станок паркі және білікті кадрлар болды. 2012 жылдан бастап Зауыт қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеу және өндіру, инженерлік техниканы жөндеу бойынша Мемлекеттік қорғаныс тапсырысына қатысады.

Қолайлы перспективаларға қарамастан, 2014 жылдан бастап Кәсіпорын қызметінде проблемалар байқалады – 2015 жылдан бастап Кәсіпорын тапсырыстардың салыстырмалы түрде тұрақты көлемі кезінде қызметтің шығындылығының өсуін тіркейді - жинақталған шығын шамамен 1,9 млрд. теңгені құрайды.

Осы кезеңде кредиторлық берешектің өсуі байқалады. 2013 - 2016 жылдар аралығында Зауытта жалпы сомасы 210 млн. теңгеге декларацияланбаған салықтар анықталды, бұл Кәсіпорынның есеп шоттарына шектеулер енгізуге алып келді. Бұл өндірістік қызметті толыққанды жүзеге асыруға, тендерлерге қатысуға, шарттарды сапалы және мерзімінде орындауға мүмкіндік бермеді.

Компания Кәсіпорынның мәселелерін оның тиімділігін арттыру және жүктемені қамтамасыз ету арқылы шешуге күш салды. Мәселен, 2014 жылы Кәсіпорын базасында инвестициялық құны шамамен 1,5 млрд. теңге болатын МАЗ автотехникасын өндіру бойынша жоба басталды. Жобаны қаржыландыру Компания қаражатына жүзеге асырылды - 672 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді, олардың басым бөлігі цехтарды қалпына келтіруге және айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды. Автомобиль өндірісі ешқашан басталмады, нәтижесінде 2015 жылы жобаны іске асыру тоқтатылды. Мемлекеттік қаражат ысырап болды.

Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және еңбек ұжымындағы шиеленісті жеңілдету үшін, еңбектің нашар ұйымдастырылуына және Кәсіпорынның қаржылық тәртібінің төмен болуына байланысты Компания және оның еншілес ұйымдары 2 млрд. теңгеден астам, оның ішінде жалақы төлеуге қаржылық көмек көрсетті. 2022 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Зауыттың Компания алдындағы жалпы берешегі 1,7 млрд. теңгені құрайды.

2015 жылдан бастап экономиканы мемлекет иелігінен алу саясаты шеңберінде Кәсіпорын жекешелендіру бағдарламасына енгізілді. Алайда, Зауытты бәсекелі ортаға беру әрекеттері, бірінші кезекте, оның ішінде салық органы алдындағы берешегінің жоғары болуына байланысты табыспен аяқталған жоқ. Кәсіпорынның акцияларын сату процедурасын оны оңалту рәсiмi басталғаннан кейін тоқтатуға тура келді.

2022 жылдың ақпан айында ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Дрожжин В.Н.» ЖК кредиторының өтініші бойынша Зауытқа қатысты 5 жыл мерзімге оңалту рәсімі қолданылды, атап айтқанда, акционерге Кәсіпорын акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынды. Ағымдағы жылдың 7 маусымында сот зауытты оңалту жоспарын бекітті.

Компания көптеген ағымдағы проблемаларды акционер тарапынан қатаң бақылауды қамтамасыз ету арқылы болдырмауға болатынын мойындайды. Алайда, кінәнің едәуір бөлігі тікелей кәсіпорынның атқарушы органында болатыны анық. 2010 - 2021 жылдар аралығында «СМЖЗ» АҚ Бас директоры Н.С. Омаров болды, одан кейін оның орынбасары - М.Б. Аленов болды. Екеуінің де кәсіби тәжірибесі мол, соның ішінде мемлекеттік қызметте (ҚР Президенті Әкімшілігі, ШҚО және Семей қаласының әкімдіктері). Әдеттегі талдауы мен аудиторлардың қорытындылары кейбір жағдайларда «СМЖЗ» АҚ басшылығы тарапынан қарапайым жауапкершілік пен адалдық көрінбейтінін көрсетеді.

Осылайша, жүргізілген аудит бойынша ҚР еңбек заңнамасының еңбекті нормалау, біліктілік талаптары және жалақыны есептеу бөлігінде бұзушылықтар анықталды; сатып алу процесін, өзіндік құнды есептеуді, бағаларды келісуді, бекітуді және шығарылатын өнімді калькуляциялау кезектілігін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттардың болмауы және т.б.

2019 - 2020 жылдар кезеңінде Компанияның Зауытты тапсырыстармен қамтамасыз ету және МҚТ шарттарын орындау үшін ақша қаражатын бөлу жөніндегі шараларына қарамастан, Кәсіпорын басшылығының біліксіз шешімдері бұрын жасалған МҚТ шарттарын жою тәуекелін іске асыруға және тиісінше ақшалай қаражатты қайтаруға, айыппұл санкцияларын салуға және сот талқылауларына алып келді.

Кәсіпорындағы кадр жұмысы тиімділігінің төмендігі де өзінің теріс әсерін тигізді: басқарушы кадрларды жұмыстан шығару және қабылдау кезінде құжаттаманы қабылдау-тапсыру жүргізілмеді, бұл өз кезегінде техникалық, бухгалтерлік және нормативтік құжаттаманың жоғалуына әкелді.

«СМЖЗ» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары К.Р. Сүлейменовке қатысты ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті қозғаған қылмыстық іс сеніп тапсырылған кәсіпорынның нашар жағдайынан басқа, сапасыз менеджменттің тікелей айғағы болып табылады. Осының салдарынан К.Р. Сүлейменовтың мемлекеттік қорғаныс тапсырысын іске асыру кезінде аса ірі мөлшерде бюджеттік ақша қаражатын жымқырғаны дәлелденді. Келтірілген залал сомасы - 600 млн. теңгеден астам. Семей қаласының № 2 сотының 2022 жылғы 7 сәуірдегі үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оңалту рәсімінің енгізілуімен «Қазақстан инжиниринг» кәсіпорынды басқарудан шеттетілді, ал басқарманың барлық функциялары оңалтуды басқарушыға жүктелді, оған Семей қ. Мемлекеттік кірістер басқармасының ұсынысы бойынша жоғарыда аталған Аленов М.Б. тағайындалды.

Осыған қарамастан, Компания «СМЗ»АҚ-ны сауықтыру үшін бар күшін салуда.

Мәселен, соңғы айларда Зауытқа бірқатар ірі қазақстандық кәсіпорындардан («Қазцинк» ЖШС, «Трансремвагон» ЖШС, «Аждар и К» ЖШС, «Біріккен т/ж шаруашылық» ЖШС, «Ибраев+К» ӨК) вагондар люктерінің қақпақтарына тапсырыс алуға мүмкіндік туды, жасалған шарттардың жалпы сомасы 800 млн. теңгеден асты.

Алайда, шарттар бойынша төлем міндеттемелердің орындалуына қарай көзделген.

Жасасу процесінде тағы 200 млн. теңгеге шарттар бар.

Алайда, қандай да бір себептермен шарттарды орындамаудың елеулі тәуекелдері бар. Оның ішінде кәсіпорында қалыптасқан күрделі әлеуметтік жағдайға байланысты, ұжым алдындағы жалақы мен әлеуметтік міндеттемелер бойынша берешек себебінен.

Оңалту жоспарын іске асырудың басталуымен кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне сот бұрын қойған шектеулер алынып тасталды, атап айтқанда, есеп айырысу шоттары ашылды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттары одан әрі даму үшін әлеуетке ие. Кәсіпорынның жалпы ауданы 37000 м2 құрайды, оның ішінде өндірістік цехтар - 25000 м2. Негізгі өндіріс цехтарының жабдықтарының көп бөлігі физикалық тұрғыдан тозған, бірақ жұмысты жалғастыру үшін жеткілікті қоры бар. 2022 жылға кәсіпорында – 142 адам, оның ішінде 114 – өндірістік персонал бар. Зауыттың тиімді географиялық орналасуы, жеке кірме автомобиль және темір жолдары бар. Көлік магистральдарының жақындығы шикізат пен компоненттерді жеткізу, сондай-ақ өнімді сату міндетін жеңілдетеді.

Темір жол саласының кәсіпорындары ұзақ мерзімді перспективада «СМЗ» АҚ өнімдеріне мүдделі. Кәсіпорында жаңа жобаларды өрістетуге әбден болады. Зауыт аумағында жаңа жұмыстар мен қызметтерді игеру үшін сербиялық «Yugoimport» компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Сіздерден Семей машина жасау зауытының айналасындағы қалыптасқан жағдайға назар аударуларыңызды сұраймыз. Кәсіпорынды сақтау үшін мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік қоғамдастықтың және қоғамның белсенді бірлескен іс-қимылы қажет деп санаймыз және барлық мүдделі тараптарды осы процеске қатысуға шақырамыз.

Жергілікті атқарушы және сот органдарынан Зауытты жедел оңалту, жұмыс орындарын сақтау және оның банкроттығына жол бермеу мәселелерінде жәрдем көрсетулеріңізді сұраймыз.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары «СМЖЗ» АҚ басшылығының қалыптасқан жағдайға алып келген әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне толық құқықтық баға беруі қажет деп санаймыз.

Анықтама: «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2020 – 2022 жылдар кезеңінде «СМЗ» АҚ қызметкерлердің жалақысы бойынша берешекті өтеу үшін қаржылық көмек көрсетілді:

күні

сомасы

13.11.2020

56 216 177

11.01.2021

34 844 763

01/05/2022

51 144 481

04.04.2022

21 218 589

06.03.2022

20 423 988


183 847 999



Кері қайту