Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Комплаенс-қызметтің жұмысы жайлы

«Комплаенс» (ағылш. Compliance - сәйкестік) - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ережелерін, заңдарын, саясаттары мен стандарттарын сақтау.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саясаты тұрақты дамудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Комплаенс-қызмет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу, осындай прецедент тудыруы мүмкін жағдайларды жою бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ) Комплаенс-қызметтің міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің деректері бойынша, Қазақстанда 6 мыңнан астам квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілері осындай қызметтерді енгізді, өйткені олар Бизнестің тазалығы мен ашықтығының көрсеткіші болып табылады.

Жүйенің негізгі қызметі:

  • Комплаенс-тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қайта қарау

Атап айтқанда, ішкі бақылаудың комплаенс-тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың өзгеруі, сондай-ақ комплаенс-тәуекел ұғымының кеңеюі.

  • Заңсыз қолма-қол ақшамен күресу

Елде көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша табысты іс-шаралар өткізілуде.

2023 жылғы 3 қаңтарда ҚР Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі түзетулерге қол қойды. Түзетулер мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдардың көлеңкелі кірістерін анықтауды қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесу үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде әдіснамалық қолдау, оқыту іс-шараларын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат алмасу шеңберінде Комплаенс-қызметтерді үйлестіреді.

  • Комплаенс-мәдениетті дамыту

Ең алдымен, бұл ұйым қызметкерлерінің сәйкестікке деген саналы көзқарасы. Қызметкерлерге бизнесті жүргізу этикасына, сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемалық мәселелерді шешу үшін, сондай-ақ заңнама талаптарын түсіндіру үшін жүгінуге болатын тәуелсіз құрылым қажет.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өз қатарында сыбайлас жемқорлыққа, кәсібилікке, ашықтық пен адалдыққа мүлдем төзбеушілікке ұмтылды. Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері парақорлыққа және біздің қызметкерлеріміздің қызметтік жағдайын пайдалануға қарсы.

Егер сіз «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз, онда сіз поштаға жүгінуіңіз қажет compliance.officer@ke.kz.

Кері қайту