Қазіргі уақытта әлемнің жетекші көрме орындарының біріне айналған KADEX-2020 халықаралық қару-жарақ және технологиялар көрмесіне дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл көрме 2010 жылдан бастап екі жылда бір рет өткізіліп келеді және мамандар тарапынан да, шетелдік қонақтарға тарапынан да үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Ол осы уақыт ішінде отандық қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының мүмкіндіктерін паш етудің және қазақстандық өнімді сыртқы нарыққа жылжытудың практикалық құралына айналды.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК 16 еншілес ұйымдары шығаратын қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін көрмеге қоюды жоспарлап отыр. Олар мынадай үш бағытты қамтитын болады:
«Жер» бағыты - «Қазақстан Аселсан инжиниринг», «С.М.Киров атындағы зауыт», «Семей инжиниринг», «Тыныс», «Семей жасау зауыты», «811 Автожөндеу зауыты», «Петропавлов ауыр машина жасау зауыты», «Қазақстан Камаз инжиниринг»; «R&D Center»;
«Әуе» бағыты - «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг», «Қазақстан авиаиндустриясы» ЖШС;
«Су» бағыты - «Зенит» Орал зауыты», «Гидроприбор» ҒЗИ; «С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты».
Биылғы көрмеде бұрын көпшілік назарына ұсынылмаған жаңа өнімдерге басты назар аударылмақ. Бұл авиация саласындағы жаңа өнімдер, заманауи электроника және байланыс, жетілдірілген әскери техника және басқалары.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі