Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Комплаенс» ұғымы

Қазақстанда 2021 жылдан бастап квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты құрылып, дамып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекет қатысатын 5000-нан астам ұйымдар мен компанияларда құрылды.

Қазақстандықтарға «комплаенс» сөзі әлі де таныс емес, көбісі оның мағынасын толық түсінбейді. Ең алдымен, комплаенс - бұл талаптарды, стандарттарды немесе ережелерді сақтау.

Корпоративтік мәдениетте комплаенс компанияда қабылданған заңға, стандарттарға және ережелерге сәйкес барлық процестердің дұрыс жұмыс істеуін білдіреді.

Комплаенс компанияға заңсыз әрекеттер, жұмыс орнындағы бұзушылықтар, қызметкерлерге орынсыз қарау, ашық және тиімді жұмыс жүргізу үшін контрагенттерді алдау тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.

Қазіргі түсінікке сәйкес комплаенс-функциясының рөлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелерімен шектелмейді. Комплаенс компанияға өз қызметінің барлық қолданылатын реттеуші талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етудің тиімді құралдарын енгізуге көмектеседі.

Корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін қолдану мақсатында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та комплаенс-бақылау функциясы енгізілді және іске асырылуда, оның мақсаты Компанияның Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Компанияның ішкі ережелері мен рәсімдерінің талаптарын сақтамауы салдарынан туындайтын тәуекелдерді басқару болып табылады.

Компанияның комплаенс қызметі және ЕжТҰ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар, этикалық емес, мінез-құлық көріністері туралы ақпаратты compliance.officer@ke.kz электрондық поштасына және 8 (7172) 72-52-52, ішкі 1110 телефоны арқылы хабарламаларды қабылдау бойынша жедел желі жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз.

Кері қайту