Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстан инжиниринг» ҰҰА демонстрациясы өтті

«Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға байланысты өнім өндіру жөніндегі жобаларды белсенді дамытуда. 

Бірінші кезекте бұл жобалар өрт ошақтарының алдын алу мониторингіне, шалғайдағы немесе жету қиын жерлерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ ТЖМ және ІІМ желісі бойынша азаматтық қорғауға бағытталған.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың қолдауымен және қатысуымен далада барлау мақсаттарына, іздестіру-құтқару операцияларына, байланыс және басқару құралдарына арналған ретрансляторларға, сондай-ақ шынжыр табанды платформа базасындағы роботтандырылған кешенге арналған ұшақ тұсаукесері сәтті өтті.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов: «Көрнекі демонстрацияға сәйкес, ҰҰА операторы өрт ошағын анықтап, өрт сөндіргіш затты жіберу арқылы өрт ошағын жою үшін роботтандырылған кешен жіберді. Сондай-ақ, өртті анықтау және кейіннен жою үшін роботты иттер қолданылды. Өрт операциясы аяқталғаннан кейін Шағала-М және Қарақұз дрондарының көмегімен іздеу жұмыстарын дайындау және іске қосу жүргізілді».

Тараптар Қазақстан өнеркәсібінің осы бағыттарын дамытуда белсенді өзара іс-қимылды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Кері қайту