Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобында ЕҚжЕҚ

«Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобының артықшылықты міндеттерінің бірі жұмыс және өндірістік процесті жүзеге асыру кезінде кәсіпорындардың барлық қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарақат алу және жазатайым оқиғалар тәуекелдерін болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және өндіріс барысында экологиялық нормалардың талаптарын сақтау болып табылады.


Қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауы және олардың осы саладағы хабардарлық деңгейін арттыру бойынша барлық іс-шаралар ерекше бақылауда.


Мысалы, станоктарды, техникалар мен жабдықтарды жаңартудың арқасында 2023 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін еншілес және тәуелді ұйымдард жазатайым оқиғалар жоқ. Қауіпсіздік деңгейін арттыру және жарақат алу қауіпін азайту үшін белсенді шаралар қабылдануда.


Өндірістік алаңдарда қызметкерлерге ықтимал қауіпті объектілерде жұмыс істеу кезінде қорғайтын арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдары беріледі. Сонымен қатар, ЕТҰ-ның барлық қызметкерлері белгіленген кезеңділікпен медициналық тексеруді өтуге міндетті.


Қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізілді. Кәсіпорын ғимараттары мен олардың жатақханаларында күрделі және косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді, шатыр жабындары жөнделді, аудиториялар, асханалар, жуынатын бөлмелер жаңартылды. Пайдаланылмаған ғимараттар қойма, кеңсе бөлмелеріне айналдырылды. Жұмыс алаңдары мен ғимараттардың қасбеттері де қайта жабдықталды.


Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындары ұжымдарда бұқаралық спортты дамытуға, қызметкерлер денсаулығы мен топтық рухты нығайтуға ерекше назар аударады. Компания әртүрлі спорттық-бұқаралық іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді қажет деп санайды.


«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов еншілес және тәуелді ұйымдарда жүргізілетін жұмыстарға мониторинг жүргізу мақсатында компания чек-парақтар әзірлегенін, оған сәйкес барлық кәсіпорындар ай сайын жаңартылған деректерді ұсынатынын атап өтті.


Компания қызметкерлердің қажеттіліктеріне одан әрі құлақ асып, оларды қолдау үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Кері қайту