Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Әскери зауыттар азаматтық өнімдер шығара ала ма

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Қайратұлы Әбдірахмановпен әскери зауыттардағы азаматтық өндірістерді дамыту тақырыбында сұхбат.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ - көпсалалы машина жасау холдингі, оның құрамында еліміздің әртүрлі өңірлерінде орналасқан 14 өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. Негізгі бағыттары: қару-жарақ пен әскери техниканы өндіру және жөндеу, тікұшақтарды құрастыру және жөндеу, ұшақтарды жөндеу, теңіз және өзен кемелерін өндіру. Холдинг заманауи пилотсыз жүйелердің өндірісін, сондай-ақ мұнай-газ және теміржол саласына арналған техниканың әртүрлі түрлерін игерді. Шоғырландырылған есептілікке сәйкес компанияның сату көлемі 58,7 млрд теңге бола тұрып 2022 жылғы таза табысы 5,1 млрд теңгені құрады. Холдинг құрылымында 4000 адам жұмыс істейді.

Әскери зауыттарда азаматтық өнімдерді шығаруға бола ма?

Мен мұны былай айтар едім: заманауи және жақсы жабдықталған зауыттарда азаматтық өнімдерден әскери өнімдерге дейін көптеген өнімдерді шығаруға болады. Әскери және азаматтық зауыттар арасындағы шекаралар қазірдің өзінде бұлыңғыр.

Кеңес заманында әскери зауыттарда тіпті шыныаяқтар, қасықтар мен ыдыс-аяқтар сияқты тұрмыстық тауарлар да шығарылды деп айтылады. Бірақ сол кездегі әскери зауыттар қырғи қабақ соғыстың салдарынан өз қызметін жасырып, астыртын жұмыс жүргізгенін ұмытпаңыз.

Әрине, сіз танк зауытында ыдыс-аяқ жасай аласыз, бірақ бұл үшін қосымша жабдықтар, шеберханалар мен мамандар қажет. Жеке өзім әскери және азаматтық зауыттарға бөлінуді ұмытып, жаңа парадигма бойынша алға жылжудың уақыты келді деп санаймын. Кез-келген зауыт әртүрлі өнімдер шығара алады, тек кейбіреулерінің әскери өндіріске лицензиясы бар және олар мемлекеттің бақылауында белгілі бір тапсырыстарды орындай алады.

Біздің «Қазақстан Инжиниринг» холдингіміз таза қорғаныс саласынан көп бейінді машина жасау холдингіне трансформацияланды. Алайда, тарихи тұрғыдан біз әрқашан азаматтық өнімдермен айналысқанбыз. Кейбір азаматтық активтер мемлекеттік активтерді жекешелендіру шеңберінде сатылды, мысалы, «Мұнаймаш» АҚ сорғы зауыты. Енді біз вагондарға қосалқы бөлшектерден робототехникаға дейін: маятникті суспензия, сыналардың әртүрлі түрлері, құбыр өнімдері, газ құлыптау арматурасы, өртті сөндіруге арналған роботтар және т.б. шығарамыз. Егер үлкен тапсырыс болса, біз табаларды да шығара аламыз. Тапсырыстардың шамамен 20%-ы таза азаматтық өнім болып отыр.

Қазіргі заманғы CББ білдектерінде (CNC машиналары) дұрыс конфигурация, тиісті жабдық және ең бастысы құжаттама болған жағдайда, сіз кез-келген нәрсені жасай аласыз. Сізге технолог-бағдарламашылар қажет, бұл ең бастысы.

Кеңес заманында жоспарланған экономика мен үлкен ішкі нарыққа байланысты азаматтық өнімді дамыту оңайлау болды. Әскери өнімдер үшін де солай болды. Кейбір сала ардагерлері үлкен көлемдер мен тапсырыстардың уақытын сағынышпен еске алады. Бірақ холдинг Самұрық-Қазынаның бір бөлігі болған кезеңде де біз холдингішілік сатып алу шеңберінде тапсырыс берушілермен тікелей шарттар жасастық әрі бұл зауыттарды тапсырыстармен қамтамасыз етуге айтарлықтай көмектесті.

Қазір біз нарықтық бәсекелестіктің сын-қатерлеріне тап болып, тендерлерге тең шартта, жалпы негізде қатысудамыз. Қазқамту талаптары бар, реттелетін сатып алулардың арқасында, мысалдап айтсақ, біз Самұрық-Қазынадан мұнай-газ жабдықтарына келісімшарттар алдық, бұл жоғалған өндірістерді жандандыруға және қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етті. ҚазМұнайГаз және оның еншілес ұйымдары бойынша нақты жұмыс орындарын құруға қатысты мысал бар. Бұл өте жігерлендіреді.

Алайда, біздің әдеттегі мемлекеттік сатып алуларға, мысалы, компьютерлік техниканы жеткізуге қатысуымызға байланысты жағымсыз мысалдар бар. Арзан импорттық тауарлар мен бір күндік фирмалармен, сондай-ақ «тендерлік шеберханалардың» оқушыларымен бәсекелестік мүмкін емес болды. Біз бір фирманың негізсіз айыптауларына байланысты зауытымыздың бірнеше ай бойы жұмыссыз тұрған жағдайына тап болдық. Біз өзіміздің дұрыстығымызды дәлелдегенімізбен, бюджет қазірдің өзінде секвестрленді, бұл тапсырыс берушінің тауарды алмай, біздің жұмыссыз қалуымызға әкеліп соқты. Осы фирманың «BSB Trade and Advertising» атауы жақсы есімде сақтады, онымен қазіргі уақыттың өзінде басқа да жағдайларға қатысты, алаяқтық фактісі бойынша іс қараулар мен қылмыстық істер жүргізілуде.

Ал мұндай зауыттар әлемде қалай жұмыс істейді?

Халықаралық тәжірибеге келетін болсақ, «Defence News Top 100» рейтингіне назар аударған жөн. Сондай компанияның мысалы ретінде өткен жылғы рейтингтегі №5-ші болған Boeing сияқты компания - әскери сатудан түскен кірісі 46%, яғни жартыға жуығы болып тұр. Бұл: С-17 ұшақтары, Apache және Chinook тікұшақтары. Мысалы, рейтингте №12-ші болған Airbus комапниясының әскери сатудан түскен кірісі тек 20%. Air Astana акционері, британдық BAE Systems болса әскери сатылымнан 96% табыс тапты. Таза азаматтық болып көрінетін Honeywell компаниясы әскери өнімнен 4,5 миллиард АҚШ долларына тең 13% кіріс алады. Тіпті жапондық FUJITSU 450 миллион АҚШ доллары көлеміндегі әскери өнімдерін сатуда.

Табысты бизнес тек әскери тапсырыстармен ғана шектелмейді. Әскери және азаматтық өндіріс арасында нақты шектеулер жоқ. Нарықтық экономикада тәсіл қарапайым – «қалай атасаңыз да өзіңіз біліңіз, ең бастысы ақша төлесеңіз болғаны».

Қазір тіпті әскери өндіріс пен сатылымға қатысты үрдіс бар. Өкінішке орай, әлемде сұраныс жеткілікті…

Көршілеріміздің мысалдарын қарастырайық. Қорған машина жасау зауыты жауынгерлік машиналарды өндірумен айналысады, сонымен қатар өз өнімдерін, соның ішінде: коммуналдық машиналарды, автомобиль тіркемелерін және ағаш таситын машиналарды - сәтті әртараптандырды. Бұл Екатеринбургтегі № 9 зауытқа да қатысты, оның негізгі бағыты артиллериялық зеңбіректер болса да, ол сонымен қатар «Ласточка» жүрдек пойыздары үшін теміржол осьтерін шығару арқылы өз өнімдерін әртараптандырды. «Калашников» концерні әскери қару-жараққа маманданғанымен, соған қоса биатлон мылтықтарын, катерлерді, қайықтар мен дрондар өндіру арықылы жалпы өндірісті әртараптандыруды өте жақсы жүргізді.

Осылайша, әскери өндірістің негізгі бағытына қарамастан, өнімді азаматтық тауарларға қарай әртараптандыру өте мүмкін және сәтті стратегия болып табылады. Бұл азаматтық нарықтағы позицияны нығайтуға ғана емес, сонымен қатар кез-келген компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонда біздің барлық зауыттарымыз нарық үшін өнім шығарып, табысты болуы керек екені анық па?

Біздің еліміздегі барлық ірі тапсырыс берушілер өз сатып алуларын жүргізу кезінде заңдар мен ережелерді басшылыққа алады. Олардың кейбіреулері қазақстандық өндірісті (Самұрық-Қазына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс) дамытуды тікелей қолдайды, ал басқалары қандай да бір басымдықсыз (Мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылардың, ірі жеке компаниялардың сатып алулары және т.б.) бәсекелестік ортаны құруға бағытталған.

Шынына келсек, біздің холдингке, біздің мемлекеттік зауыттарға, үлкен әлеуметтік жүктеме мен шығындар әсерінен нарықтық жағдайда жұмыс істеу өте қиын, іс жүзінде мүмкін емес. Десек те, біз тапсырыстардағы бар қиындықтарға қарамастан, қызметкерлер алдындағы барлық міндеттемелерді уақтылы орындай алғанымызды мақтан тұтамыз.

Әрине, оның ішінде арнайы Заңмен реттелетін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстардың арқасында, атап айтсақ, отандық кәсіпорындарды одан әрі дамыту мақсатында өзгерістер енгізілуде. Президенттің тапсырмаларын назарға ала отырып, біз өнімнің нақты санаттарында отандық өндірушілердің басымдығы үшін императивті нормаларды енгізу туралы қосымша ұсыныстар айттық. Сонда импорттық техниканы таңдауда дау туындамас еді, ал зауыттар тұрақты және бірқалыпты дамыды. Заң негізінде шикізат пен материалдарды нүктелік оқшаулау арқылы елішілік құнды дамытуға болады, мысалы, әскери формаға арналған мата өндірісін қалыптастыру мүмкіндік туғызады. Алайда, өкінішке орай, тұтынушылар мұны әрдайым біле бермейді.

Мемлекет тарапынан Самұрық-Қазына жағдайындағыдай таңдалған номенклатура бойынша отандық өндіруші болған жағдайда, басқасынан сатып алу мүмкін болмайтындай етіп құрылған сатып алу жүйесінің алгоритміне қолдау көрсетілсе үлкен көмек болады. Арзан импортпен және күндізгі фирмалармен бәсекелесуге тура келетін қарапайым мемлекеттік сатып алуларда жеңіске жету өте қиын.

Ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен ірі жеке компаниялар үшін, өкінішке орай, нақты өндірушілер әлі де жабық. Ынтымақтастық туралы ниеттер айтылады, бірақ нақты келісімшарттарға жете бермейді. Теріс жауаптар көбінесе біздің бағамыздың нарықтық бағадан жоғары болуына байланысты болады. Осыған байланысты біздің зауыттарымыздың импорттық шикізат, әлеуметтік міндеттемелер үлкен, салықтар «ашық» төленетінін және т.б. көрсетіп, дәлелдеуге деген ұмтылысы жоғалады.

Тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы бұл соғыс, егер сатып алу заңнамасында қазақстандық өндірушілермен шарт жасасуға қатысты түсінікті және нақты, қайталап айтамын, императивті, бір мәнді, нормалар болмаса, ешқашан тоқтамайтын шығар. Жақында премьер-министрдің төрағалығымен Қазқамту жөніндегі форум өтті, онда ірі тапсырыс берушілер қазақстандық өндірушілермен келісімшарт жасасуға уәделесті. Сонымен қатар, көптеген сатып алулар жеке мердігер кімнен сатып алу керектігін өзі шешетін жұмыстар мен қызметтерде жасырылады. Мұндай жағдайларда адамның сатып алуды мүмкіндігінше үнемдеу арқылы тендерден көбірек ақша табудағы қарапайым ашкөздігімен ештеңе жасай алмаспыз.

Тағы бір мәселе – шектеулі, шағын нарық. Біздің технологиялық серіктестеріміз, мысалы, түрік алыбы Aselsan бізге байланыс құралдарын өндіруге лицензиялар мен құжаттамалар берді. Біздің бүкіл нарықты қамтитын зауыт небәрі 20%-ға жүктелген. Мен үшін басым міндеттердің бірі – жаңа өткізу нарықтарын игеру, ең болмағанда таяу шет елдерде заманауи дистрибьюторлық және дилерлік желіні дамыту. Бірақ біз реалист болайық экономикалық орындылықты қарастырамыз.

Ақыр аяғында қазіргі экономиканың сын-қатерлеріне тап бола отырып, біз нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жауап беруде әр түрлі өндіріс пен икемділікке ұмтылу керек деген қорытындыға келеміз. Машина жасау зауыттарында жұмыс істеу қиындықтарды қамтиды, сонымен қатар өнімді дамыту және табысты әртараптандыру мүмкіндіктерін ұсынады. Ең бастысы-өзіңізді тек әскери немесе тек азаматтық өндірістер шеңберінде боламын деп шектемеу қажет.

Біздің әңгімемізді қорытындылай келе, «патрон зауытында макарон немесе темекі шығару мүмкін емес!» - деп бір мифті жойғым келеді. Кейбір зауыттардың ойын үшінші тарап тапсырыстарымен бөлмеу қажет.

Кері қайту