Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ тіл саясатын сақтау бойынша көшбасшы ұйымдардың үштігіне кірді

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өзінің ресми ресурстарында және құжаттамасында оны пайдаланудың талап етілетін стандарттарын сақтай отырып, мемлекеттік тілді дамытуға ерекше назар аударады.

Мемлекеттік тілді қолдау «Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобының ақпараттық материалдарын жасау және тарату арқылы жүзеге асырылады. Барлық ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде әрі қарай жұмыс істеу және Холдингтің қызметі туралы халық пен мекемелердің хабардарлығын арттыру үшін ұсынылады. Бұдан басқа, көрнекі ақпараттың қолданыстағы Тіл туралы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін бағынысты ұйымдарға тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Бұл тәсіл тілдік нормалардың сақталуына ықпал етеді және олардың ана тіліне немесе қалауына қарамастан барлық азаматтар үшін ақпараттық ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етудің маңыздылығын мойындай отырып, мемлекеттік деңгейде ақпаратқа тең дәрежедегі қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті» ММ жүргізген зерттеу негізінде «Ресми интернет-ресурстардың мониторингі» жобасы шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мемлекеттік тілді қолдану стандарттарына барынша сәйкестігін растай отырып, 2023 жылы ұлттық компаниялар (Акционерлік қоғамдар) арасында екінші орын алғаны анықталды.

Басқармаларды, жергілікті атқарушы органдарды, полицияны, ұлттық компанияларды, екінші деңгейдегі банктерді, авиакомпаниялар мен әуежайларды, қоғамдық қорларды және басқаларды қамтыған зерттеу барысында негізгі назар мемлекеттік тілді сауатты және кең пайдалануға, сондай-ақ оны танымал етуге бағытталды.

Кері қайту