Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
2020 жылдан Қазақстанда Ми-8АМТ / Ми-171 тікұшақтарын құрастыра бастайды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ,  № 405 авиациялық жөндеу зауыты» АҚ және «Ресей тікұшақтары» АҚ арасында Ми-8АМТ / Ми-171 тікұшақтарын Қазақстанда құрастыруды ұйымдастыру туралы үшжақты келісімге қол қойды.  

Бұл құжат Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің бұған дейінгі келісіміне сәйкес жасалды.

«Айта кету керек, Қазақстанда Үкіметтің белсенді қолдауымен алғаш рет ауыр тікұшақтарды жинау технологиясы енгізілуде. Жобаны сәтті жүзеге асыру республикалық тікұшақтар паркін жасақтауға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның тікұшақ өнеркәсібін одан әрі дамытудағы маңызды қадам», - деп атап өтті  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қуаныш Бишімов.

Құрастыру және оларды тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне бейімдеу Қазақстанда осы типтегі тікұшақтардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша үлкен құзіретке ие № 405 зауытта жүзеге асырылады. Зауыт Ми-8/17/171 тікұшақтарын жөндеу, модернизациялау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қазақстандық және халықаралық органдармен сертификатталған.

Тікұшақтардың алғашқы партиясы келесі жылы жеткізіледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта 8 тікұшақты жеткізуге келісімшарттар жасалды. Әрі қарай тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес олардың саны 17 данаға дейін өспек. Негізгі тұтынушылар  бірқатар мемлекеттік органдар болып табылады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК «АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту