Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов (ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі) және Дәурен Есалиұлы Ақшалов (Тәуелсіз директор) сайланды.

Осылайша, Директорлар кеңесінің құрамы 8 мүшеден тұрады, олардың жартысы тәуелсіз директорлар болып табылады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өз жұмысында қолданыстағы заңнаманы, үздік тәжірибелер мен корпоративтік басқару стандарттарын басшылыққа алады.

Бұйрық 2024 жылдың 17 қаңтарында күшіне енді.

Директорлар кеңесінің құрамы туралы толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://ke.kz/ru/company/corporate-management/249/

Кері қайту