Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«АОО» ЖШС әуе флотын жаңарту

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС-да (2023 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінен берілген) ұшқыштарды оқытуға арналған азаматтық ұшақтар бар.

Дегенмен ұшақтар ескірген және жөндеуді қажет етеді. Ұшқыштарды оқыту бойынша қызметтер көрсету үшін Компания ескі ұшақтарды gosreestr порталы арқылы ашық және айқын сауда-саттықта сатып, ал алынған қаражатқа әуе флотын жаңарту және қалған ұшақтарға жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар «АОО» ЖШС-ға тиесілі әуе кемелері азаматтық авиацияға жататынын және әскери техника болып табылмайтынын атап өтеміз. Интернет басылымдардың бірі бұл техниканың әскери саламен байланысты екендігі туралы бұрыс қоғамдық пікір қалыптастыруда.

Жалпы, «АОО» ЖШС Қорғаныс министрлігінің құрылымында бола отырып, борыштық және қаржылық дағдарысқа тап болды. Орталық дамымай, ешқандай инфрақұрылым мен қызмет болмады, қызметкерлерге жалақы төленбеді. Аталған нысанды алғаннан кейін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ орталықты қалпына келтіру үшін бірқатар дағдарысқа қарсы шаралар қабылдау барысында.

Бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желі қолданушыларын және блогерлерді ақпаратты жарияламастан бұрын, әрқашан оның шындыққа жанасатынын тексеруді сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша «Қазақстан инжиниринг» Компаниясына ke@ke.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз. 

Кері қайту