Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Қазақстан инжиниринг» кәсіпорнына барды

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов өнеркәсіп секторының негізгі кәсіпорындарын аралап, ағымдағы проблемаларды анықтау мақсатында Қарағанды облысына алғашқы жұмыс сапарымен барды.


Жергілікті кәсіпорындарды аралау барысында Олжас Бектенов «Steel Manufacturing» патрон зауытының қызметімен танысты. Биыл винтовка патрондары желісін іске қосу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, сондай-ақ түрлі калибрдегі патрондардың сериялық өндірісі іске қосылады деп күтілуде.


Премьер-Министр зауыт патрон өндірісі бойынша еліміздегі бірден-бір кәсіпорын болып табылатынын атап өтіп, оның өндірістік қуаттылығын күштік ведомстволардың жоспарлы тапсырыстары есебінен барынша жүктеу қажеттігін жеткізді.


Кері қайту