Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері Дармаркаға қатысты

2024 жылғы 17 наурызда Астана қаласында Дармарка өтті. Бұл тегін своп-жәрмеңкесі, онда кез-келген адам қолданбайтын заттарын тапсыра алады. Айырбастаудан басқа, своп - бұл саналы тұтыну мен қоршаған ортаға қамқорлықты қолдайтын эко-бастама. Бұл сіз үшін қажетсіз, жақсы нәрселерден арылудың қажеті жоқтығын ескертіп, оларды кәдеге жарататын адамдарға беруге болады деген ой тастайды. Жәрмеңкеде киімнен басқа қайта өңдеуге тапсыруға болатын заттар қатарында: бөтелкелер, пластик, қағаз, банкалар, сөмкелер және т.б болды.

Дармаркаға «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері барып, бос шыны бөтелкелерді тапсырды әрі қалдықтарды бөлек жинау бойынша мастер-класқа қатысты.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ осындай іс-шараларды белсенді қолдай отырып, барлығын қоршаған ортаны қорғауға және саналы тұтынуға арналған жәрмеңкелерге қатысуға шақырады.

Кері қайту