«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың Комплаенс-қызметі мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Компанияның жауапты құрылымдық бөлімшелері мынаған міндетті екенін хабарлайды:
- жұмысқа қабылдау, лауазымын жоғарылату немесе лауазымдық міндеттерін өзгерту кезінде - тікелей Басшылықпен не байланысты функцияларды орындайтын адаммен тікелей туыстық қарым-қатынастағы қызметкерлерді лауазымға тағайындаудан аулақ болу;
- сатып алу рәсімдерін жүргізу және шарттық қатынастарды ресімдеу кезеңдерінде Компанияның контрагенттерін тексеру барысында - олардың құрылтайшылары мен басшыларының құрамын Компанияның лауазымды тұлғаларымен, қызметкерлерімен, олардың жақын туыстарымен, жұбайларымен, сондай-ақ жекжаттарымен үлестестік белгілерінің болуы тұрғысынан зерделеуді жүзеге асыру;
- Компания лауазымды адамдарының, қызметкерлерінің құқыққа қайшы және жосықсыз немесе құзырсыз қызметін анықтауға және тоқтатуға бағытталған алдын алу, профилактикалық іс-шараларды, қызметтік тексерулерді жүргізу;
- Компанияның әрбір лауазымды тұлғасы мен қызметкерін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі саясатпен» танысуын қамтамасыз ету;
- Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Саясаттың ережелерін жеткізуге бағытталған тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құпия ақпаратының, сондай-ақ дербес деректерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарына немесе әдепсіз мінез-құлық жағдайларына тап болған кезде 8 (7172) 72-52-52 (ішкі 1110) телефоны арқылы хабарласу қажет.