Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Көкшетаудағы 60 жылдық тарихы бар зауыт электронды жүйеге көшті

Көкшетаудағы 60 жылдық тарихы бар зауыт цифрландыру жүйесіне көше бастады.

Қазір жобалау бөлімі жаңа технологиялармен толық жабдықталған. Келешекте өнім өндіру үдерісінің барлық кезеңі цифрландырылмақ. Айта кетейік, аталған өндіріс ошағы, бүгінде авиация, қорғаныс және медицина саласына қажетті қосалқы бөлшектерді шығаратын еліміздегі бірегей кәсіпорын. Ал, өнімдерінің 35 проценті экспортқа бағытталған.

Цифрландыру жүйесіне мұнда ең алдымен жобалау және құрастыру бөлімі көшкен. Мәселен, осыдан 5-6 жыл бұрын сызбалардың барлығы қолмен сызылатын болса, қазір бұл жұмысты компьютердің көмегімен бір ғана адам атқарады. Бұл, өте тиімді, - дейді, мамандар. Әрі бағдарламада жобаның дайын 3D бейнесін де көруге болады.

Александр Шаврин, зауыттың бас технологы:

- Компьютермен өте күрделі сызбаларды ешбір қатесіз жасауға болады. Бұл біріншіден, уақытты үнемдейді. Екіншіден, шығынды азайтады. Осылайша өндірістің процесс жедел жүре бастайды. 

Жаңа технологияларды қолданудың арқасында соңғы жылдары мұнда өнім көлемі 3 есеге дейін артқан. Ал, электр қуаты 30 процентке үнемделіпті. Сондықтан, бүгінде зауытта біртіндеп цифрландыру жүйесіне көшу кешенді бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде цехтарға ақпараттық жүйелермен жабдықталған жаңа қондырғылар қойылуда.

Қайрат Қалманбаев, зауыттың бас директоры:

- Бүгінгі күні істеп жатқан жұмыстарымыз негізі адамдарды оқыту, сосын керек құрал-саймандармен жабдықтау. + Технологиялық картаны біз электронды түрге аударып, қолданатын құжаттарды, қолданатын материалдардың бәрін цифрлы басқару арқылы өзгертіп, былай айтқанда, тапсырыс бізге түскеннен бастап, соның шығып, тұтынушының қолына берілгенге дейін сол автоматты жүйеде басқарылып өңделетін болады. 

Осылайша 2020 жылы зауыт жұмысы толықтай цифрландырылмақ. Бұл әрине біраз мамандардың қысқаруына алып келеді. Алайда кәсіпорын басшылығы ол жұмысшыларды қайта оқытып, жаңадан ашылып жатқан цехтарға көшіреді. Сондықтан зауыттағы 600 адамның бір де бірі қысқармайды.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный, Евгений Шинкаренко

Кері қайту