Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Атамқұловтың құттықтау

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және жеке өзімнің атымнан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздердің жанкешті еңбектеріңіздің арқасында отандық қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өнімдері қашанда халыққа сенімді қызмет ете білді және олардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қорған бола білді.

Біздің еліміздің қорғаныс кәсіпорындары ұжымдарының үйлесімді жұмыстары мамандардың бірнеше буындарының ой-санасындағы ғылыми және конструкторлық бірегей жетістіктерді сақтауға және арттыруға мүмкіндік туғызды.

Біз тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс күш-қуатын нығайтуға ат салысып жүрген өзіміздің барлық білікті мамандарды, инженерлерді, конструкторлармен мақтан тұтамыз.

Мемлекетіміздің басшысы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикамыздың қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенін дамытуға үлкен көңіл бөліп келеді.

Оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды, министрліктің бастамашылығымен ғылыми-зерттеу және құқықтық база жетілдірілуде, заманауи технология өндірісі әзірленуде және енгізілуде, салалық мамандарды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сіздердің алдағы уақытта да Отанымыздың игілігі үшін қажырлы еңбек ететіндеріңізге, алға қойған міндеттерді жауапкершілікпен шешетіндеріңізге, еліміздің қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететіндеріңізге сенімдімін.

Осы бір тамаша күнде өздеріңізге мықты денсаулық, таусылмайтын күш-қуат, жанұяларыңызға амандық, істеріңізге табыстар мен кәсіби салада жетістіктер тілеуге рұқсат етіңіздер!

Құрметпен,

Бейбіт Атамқұлов

Кері қайту