Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚР ҚАӨМ Қоғамдық кеңесінің жаңа мүшелері сайланды

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде(ҚР ҚАӨМ) Министр Бейбіт Атамқұловтың қатысуыменҚоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында ҚР ҚАӨМ Қоғамдық кеңесініңтөрағасы А.Айымбетов 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша кеңес жұмысының қорытындылары туралы баяндап берді.

Сонымен қатар, іс-шара тәртібіне Қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастыру және жаңа мүшелерді тағайындау мәселелері шығарылды.

Қоғамдық кеңесінің мүшелеріне Мұхтар Алтынбаев – Халық Қаһарманы, әскер генералы, ҚР экс-Қорғаныс министрі, «Қорғаныс Күштерінің Ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы, Жандарбек Кәкішев – «Шельф» авиация және аэроғарыш техниканы шығару бойынша зауытының экс-Бас директоры, Жандос Әбішев - «KazWeld» Қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы, Владимир Бобров- «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Тәуелсіз директоры.

ҚР ҚАӨМ Қоғамдық кеңесі өз қызметіне азаматтық қоғамының белсенді өкілдерін тартады, оның құрамына қорғаныс-өнеркәсіп кешені, ғарыштық сала мен ақпараттық қауіпсіздік өкілдері кіреді.

Кеңестің жаңа мүшелері бұл органның қызметіне жаңа серпіліс беріп, бірлескен еңбегінің арқасында ҚР ҚАӨМ салалық қызметінің тиімділігін жоғарлату бойынша жұмысы жалғастырылатын болады.

Іс-шара соңында болған пікір алмасу барысында Қоғамдық кеңесінің мүшелеріҚР ҚАӨМ-мен өзара әрекеттесу бойынша ойлармен бөлісіп, сондай-ақ Министрлігінің стратегиялық мақсаттарды шешуге белсенді қатысуға әзір екенін білдірді.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Кері қайту