Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСІН БІРЛЕСІП ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және түріктің «Otokar» компаниясы көлік құралдарын, соның ішінде брондалған машиналар өндірісі саласындағы ынтымақтастықты дамытуды  жоспарлауда. Екі компанияның басшылары Әсет Құрманғалиев пен Сердар Гёргюч Астана қаласында 24 мамыр бейсенбі күні V Халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің аясында тиісті меморандумға қол қойды.

«Otokar» компаниясы Қазақстан аумағында  көлік құралдарының және брондалған машиналар өндірісін ұйымдастыруға қызығушылық танытуда. Осыған байланысты, технологиялық алаң ретінде «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық Компаниясының құрамына кіретін зауыттардың бірін пайдалану қарастырылуда. Бірлескен кәсіпорын автотехниканы жобалап, жинауды жүзеге асыратын болады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстанда қазіргі кезде пайдаланылып отырған түріктің брондалған техникасын қолдауға, жөндеуге және жетілдіруге ниетті.

Қол қою рәсімінен кейін «Otokar» компаниясының бас директоры С. Гёргюч атап өткендей, жасалған меморандум түрік тарабының Қазақстанда жұмыс істеу ниеттерін растап отыр. Осылайша оның сөзі бойынша, құжат бірлескен өндіріс пен инжинирингтік орталықты ұйымдастыру шеңберіндегі «алғашқы қадам» болып отыр.

Өзараәрекеттестіктің бастапқы кезеңінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеп, бірлескен жобаның бизнес-жоспарын құрастыратын, технологиялар мен зияткерлік меншік трансферті мәселелерін шешетін жұмыс тобы құрылатын болады.

«Otokar» қорғаныс компаниясы Қазақстандағы ірі түрік инвесторларының бірі ретінде қарастырылып отырған, Түркияның «Koç Holding» ең ірі қаржылық-өнеркәсіптік конгломерат құрамына кіреді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі

Кері қайту