Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Астана қаласында 2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында «KADEX - 2018» көрмесі өтеді

2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың әскери әскери секторы аумағында «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі өтеді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығында өтетін алғашқы көрме.

Оған отандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының кәсіпорындары, жетекші конструкторлық бюро мен ғылыми-зерттеу институттары қатысады.

Қазақстанның астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «KADEX - 2018» көрмесі жаңа форматта өтеді.

Онда қару-жарақ үлгілерін көрсетуден бөлек, бағдарламаның іскерлік бөліміне де назар аударылады. Бағдарламаның ғылыми-іскерлік бөлімінде пленарлық және секциялық отырыс, конференция, «дөңгелек үстел» форматында барлық елдердің мамандары қорғаныс және қауіпсіздік, әлемдік ғарыш саласын дамыту мәселелері төңірегінде пікір алмасып, замануи кезеңде киберқорғаныспен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланады.

«KADEX - 2018» көрмесінің өзгеше жаңалығы оның аумағында «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумының өткізілуі болмақ. Тұңғыш рет көрмеде отандық және әлемдік ғарыш саласының жетістіктеріне арналған жеке павильон болады.

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында «Cyber and Digital Security» и «Advanced Def Tech» конференциялары өтеді. Бұл шаралар әлемнің түрлі елінен келген мамандар мен эксперттер қорғаныс өнеркәсібі, әскери-техникалық ынтымақтастық, ғарыш қызметі мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылайтын Көрменің орталық диалогтық аумағы болмақ.

Көрменің алғашқы күні «KADEX - 2018» эмблемасымен бірге арнайы почта мөрқалыбы соғылған конверттегі Қазғарыштың 25 жылдығына арналған почталық марканы өшіру салтанаты өтеді. Кез келген адам естелікке Көрме аумағынан  марка мен почта мөрқалыбы соғылған конвертті ала алады.

Көрме өткізуде негізгі басымдық тәжірибелік құрамдас бөлікке берілді. Ресми шаралармен бірге іскерлік бағдарламаларда да әскери-техникалық ынтымақтастық, ғарыш қызметі мен киберқорғаныс салалары бойынша  алыс-жақын шетелдердің ұйымдары және кәсіпорындарымен бірге бірқатар құжаттарға – меморандумдар мен келсімдерге қол қою жоспарлануда.

«KADEX - 2018» көрмесі бизнес өкілдері, әскери мақсаттағы өнімдерді өндірушілер мен жасауышылар, бейінді министрлік мамандары мен мемлекетаралық қатыснастары мен сыртқы саяси көзқарастары тәуелсіз түрлі елдер ұйымдары үшін конструктивті диалог алаңы болады.

Сонымен бірге  «KADEX – 2018» көрмесі кең көлемді а.ж 25-26 мамыр аралығында аралау үшін ашық болады.  Өткізілген жылдар ішінде ол қару-жарақ, әскери және арнайы техникаларды, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы технологияларды көрсету тұрғысында әлемнің жетекші көрме алаңына айналды.

Анықтама: «KADEX» көрмесі 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және ол мынандай жағдайлар үшін тиімді болып табылады:

- қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасында өзара тиімді байланысты орнату мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға және Қорғаныс күштерін технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелрі жөнінде тәжірибе алмасуға ;

- республикаға шетелдің ірі әскери және арнайы мақсаттағы өнімдерін өндірушілері мен жасаушыларын тартуға, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен кооперациялық ынтымақтастықты дамытуға, қару-жарақты, әскери және ғарыш техникаларын бірлесіп модернизациялау мен өндіру;

- отандық кәсіпорындардың экспорттық поменциалы мен дамуына, олардың өнімдерін шетел нарығына шығаруға әрекет етуге;

- отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені өнімдерінің замануи үлгілерін көрсету мақсатында олардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілетілігін арттыруда.

Биылғы жылғы көрмеде әлемнің жетекші өндірушілерінің қару-жарақ және әскери техникалары ұсынылатын болады. «KADEX – 2018» көрмесінің келушілері қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының соңғы жетістіктері мен келешегі бар ғылым жаңалықтарымен таныса алады.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Кері қайту