Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
А.Мамин ЗИКСТО, ПАМЖ және Киров атындағы зауыттардың даму перспективасымен танысты

Бүгiн ҚР Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен СҚО-да болды. Алдымен бiрiншi вице-премьер Петропавл әуежайына бас сұқты.

Бұдан соң Асқар Маминге облыста 2018 жылы жол жөндеу бойынша атқарылатын жұмыстар туралы баяндалды.

Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары жаңадан салынып жатқан «Жас Өркен» ықшам ауданындағы оқушылар сарайының құрылыс барысымен танысты. Асқар Маминге «Жас Өркен» ықшам ауданының құрылыс жоспары да таныстырылды. Тек бұл шағын ауданда 2700 пәтердi қолданысқа беру көзделген, мектеп бой көтередi. Қазiрдiң өзiнде спорт сарайы және теннис орталығының құрылысы аяқталды.

Жиналыста Қазақстан және Ресей өңiраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысы талқыға түстi. Асқар Мамин форумның жоғары деңгейде өтетiндiгiне сенiмiн жеткiздi. Форумный тақырыбы — «Қазақстан мен Ресейдiң туризмiн дамытудың жаңа жолдары мен үрдiстерi». Асқар Мамин туризм тақырыбының таңдалуы кездейсоқ емес дейдi.

«Бiз туризм саласын дамытуға көп көңiл бөлемiз. Бұл саланың потенциалы жоғары. Петропавл кездейсоқ таңдалынып алынған жоқ. Сiздердiң өңiрлерiңiз туризм саласында үлкен мүмкiндiктерге ие. Туристер туралы айтатын болсақ, бiздiң назарымыз Ресей нарығына да ауып отыр. Форум өңiрдiң және жалпы Қазақстанның туризмдегi бар потенциалын көрсетуге үлкен мүмкiндiк берiп отыр», — дедi Асқар Мамин.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрдегi туризмнiң дамуына да кеңiнен тоқталып өттi. Өңiр басшысы оқушылар сарайын IT-технологиялармен жарақтандыру туралы баяндады. IT орталықта танымдық және ойын-сауық қызметтерiнiң түр-түрi көрсетiледi. Бұл киностудия, кибер қауiпсiздiк және виртуалды шындық кабинетi, бағдарлау зертханасы, кинотеатр және тағы басқалары. IT орталық өңiрде балалар туризмiн дамытуға өз септiгiн тигiзбек.

«Туризм тақырыбы өңiрге және елiмiздiң туризм саласына үлкен серпiн бермек. Қазiр салынып жатқан Оқушылар сарайына Қазақстан мен Ресейдiң көршiлес өңiрлерiнен балалар келу керек. Орталық соңғы IT технологиялармен жарақтандырылмақ. Балаларға арналған ойын-сауық түрлерi көп болады», — дедi Құмар Ақсақалов.

СҚО-да туризм саласында бiрнеше жоба жүзеге асырылмақ. Имантау-Шалқар курорт аймағында демалыс орындары және автокаранинг салынады. Тағы бiр жоба Қызылжар ауданында жүзеге аспақ. Петропавлда «Dostyk Mall» сауда-ойын-сауық кешенi ашылады.

Бiрiншi вице-премьер облыс орталығындағы бiрқатар өнеркәсiп кешендерiн аралады. Асқар Мамин ЗИКСТО, ПАМЖ және Киров атындағы зауыттардың даму перспективасымен танысты.

Солтүстік Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы


Кері қайту