Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алқа жиналысы

Бүгін Ұлттық ғарыштық орталықта Мемлекет Басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру тұрғысынан ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚР ҚАӨМ) 2017 жылы қорытындылары мен ағымдығы жылғы негізгі міндеттері бойынша кеңейтілген алқа жиналысы өтті.

Алқа жұмысына Президент Көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Владимир Жұмақанов, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және және басқа да мемлекеттік орган, бағынысты ұйымдар мен кәсіпорындар басшылығы қатысты.

Бүгінгі таңда министрлік елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін тиімді түрде іске асыруға мүмкіндік беретін саланың нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырудың жаңа механизмдерін реттейтін және отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қолдау шараларын қарастыратын «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс» Заң жобасы ҚР Парламентіне қаруға енгізілді. 

2018 жылдан бастап Қорғаныс министрлігінің қорғаныстық тапсырыс бюджеті ҚР ҚАӨМ өтеді. Бұл  әлеуетті органдарды өзіне тән емес функциялардан босатады және қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорынының ілгерлемелі дамуын қамтамасыз етеді.

Қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің жаңа технологиялық мүмкіндіктерін құруға бағытталған саланың тұжырымдамалық негіздері жүзеге асырылуда.

Басқарудың жаңа үлгісі негізінде саланың кешенді дамуын анықтайтын ҚАӨМ даму Стратегиясы 2028 жылға дейін әзірлеу жүргізіліп жатыр.

Министрліктің басты жұмыс бағыттары қатарына ҚР қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді шешу үшін қару-жарақтың жаңа және перспективті түрлерін, техниканы өндірудің және қызметтерді көрсетудің толық циклін басқаруы да жатады.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің даму Қоры құрылуда. Биылдан бастап Қор ҚӨК кәсіпорындарын қолдаудың табысты механизмі ретіде жұмыс атқару тиіс.

Былтырғы жылы ҚР ҚАӨМ-нде Ғылыми-техникалық кеңес құрылды. Ол қорғаныс өнеркәсібі, ғарыш және киберқауіпсіздік саласындағы ең озық перспективті жобаларды таңдаумен айналысады.

Бүгінгі таңда 3,3 млрд. теңге соммаға 19 перспективті жоба іріктеліп алынды.

2030 жылға дейін арналған Қорғаныс Күштерді қайта қаруландыру және ҚӨК даму Тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

Аталған құжатты қабылдау отандық кәсіпорындарды әскери және қосарлы пайдалану өнімдердің заманауи түрлерін игеруге бағыттауға, сондай-ақ ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасауға, өндірісті жоспарлауға және технологиялық жаңғыртуды өткізуге мүмкіндік беретін болады.

ҚӨК кәсіпорындары ең алдымен сервистік қызметтердің толық спектірін игеру мүмкіндігін қарастыру тиіс. Техника мен құрал-жабдықтарды өндірумен қатар, сатудан кейінгі қызметтерді көрсету мәселесі де өте маңызды. 

Бұл шаралар ҚӨК кәсіпорындарының табыс әкелуін жоғарлатуға бағытталған.  

Мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес алдағы жылдары Қазақстанда қорғаныс өнеркәсібінің 9 кәсіпорында технологиялық жаңғырту өткізілетін болады, бұл барлық ҚӨК кәсіпорындардың 1/4 бөлігін құрайды.

Әрбір кәсіпорын бойынша жаңғыртудың жол картасы құрастырылатын болады. Басты назар экспорттық потенциалы бар перспективті өнімдер түрлерін шығару.

Жалпы алғанда, статистика мәліметтері бойынша қорғаныс өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 14%-ға, 80 млрд. теңгеге дейін өсті.Экспорт 2 есе 16 млрд. теңгеге дейін өсті.

Ағымдағы жылы ҚР ҚАӨМ мамандары ғарыштық саланың инфрақұрылымдық дамыту, ұлттық спутниктік топтамасын жаңарту, экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту, жобаларды коммерциялау жұмыстарын жалғастыратын болады.  

«Бәйтерек» жаңа экологиялық қауіпсіз ғарыштық зымыран кешенін құру жобасы бойынша Жол картасын жүзеге асыру, сондай-ақ «Зенит-М» ҒЗК жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерін Ресей Федерациясы жалға алған объектілер құрамынан шығарып, оларды Қазақстан Республикасына беру бойынша жұмыстары жалғастырылады.

«KazSat» спутниктік байланыс жүйесінің және Жерді қашықтықтан зондтау жүйесінің спутниктері штаттық режимде қызмет атқаруда және экономика, қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің шешуін табысты қамтамасыз етуде.

2017 жылы ішінде «KazSat» жүйесі 5 млрд. теңгеден астам кіріс әкелді және шетел спутниктердің ресурстарын пайдалануды қысқарту арқылы 12 млрд. теңге соммасына импорт алмастыруды қамтамасыз етті.

2017 жылы мемлекеттік органдар мен ұйымдарына ЖҚЗ ғарыштық жүйесінің көмегімен Жер үстінің 11,5 млн. шаршы км. көлемінде 1,2 млрд. теңге соммаға ғарыштық суреттер берілді. Сонымен бірге, импорт алмастыру 12 млрд. теңгеден астам сомманы құрды.

Сонымен қатар, ғарыштық технологияларды сыртқы нарықтарға ілгірлету мәселесәне айрықша көңіл бөлінеді. Басты назарда көрші елдердің нарықтары: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан. Бүгінгі таңда бұл елдерде өз ғарыштық байланыс жүйелері жоқ. 

Көп уақыт өтпей орын алған Қазақстан делегациясының Қырғызстанға жұмыс сапары барысында  ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша мәселелері талқыланды, соның ішінде қырғыз әріптестеріне Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайларды алдын алу мен жою органдарының мүдделеріне орай қазақстандық ғарыштық жүйелерді бірлесіп пайдалану жөнінде ұсыныс жасалды.

Жақын арада Қырғыз Республикасымен жасалған келісімдер шеңберінде жобаларды жүзеге асыру бойынша Жол картасы әзірленетін болады.

Ақпараттық қауіпсіздік саласында ҚР ҚАӨМ былтырғы жылы мемлекетіміздің ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласын дамыту бойынша негізгі концептуалды әдістерді құрастырды.  

Мемлекет басшының тапсырмасы бойынша Киберқауіпсіздік Тұжырымдамасы («Қазақстан киберқалқаны») және оны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында Бірыңғай талаптар қабылданды. Инфрақұрылымның аса маңызды объектілер Тізімі қалыптастырылды.

Кадрларды дайындау үшін 2017 жылы «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер» мамандығы бойынша бөлінетін гранттар саны  60-тан 160-қа дейін көбейтілді, аталған мамандарды дайындау үшін жыл сайын 500 гранттан бөлу жоспарланып отыр.

«Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес банк жүйесінде ақпараттық қауіпсіздікті бақылау жүйесі құрылды, мемлекеттік органдар арасында құзыреттер ажыратылды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа субъектілер айқындалды.

Алқа жиналысының соңында министрлік алдында Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмаларына сәйкес ҚР ҚАӨМ қызметінің барлық бағыттары бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Кері қайту