Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
СМЗ Ресейге шынжырлы тасымалдағыш-тартқыштар жасады

Семей машина жасау зауыты» АҚ Ресейге төрт шынжыр табанды тасымалдағыш–тартқыш (ШТ-Т) жеткізуді жүзеге асырды.

Техниканы жасау өндірісі темір жол саласында жұмыс істейтін жеке компанияның арнайы тапсырысы бойынша орындалды.

«СМЗ» АҚ бас директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша, тактикалық-техникалық сипаттамалары жақсартылған үлгісін құру үшін, шынжыр табанды тасымалдағыш-тартқыш ШТ-Т базалық моделі үлгісін жаңғырту бойынша, зауыт ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар өткізді. 

2016 жылда қазақстандық кәсіпорын шынжыр табанды тартқыштың пилоттық данасынжасап шығарып, тиісті сынақтан сәтті өткізді.

«ҒЗТКЖ-ны жаңғырту бойынша базалық моделін шынжыр табанды транспортер-тартқыш ШТ-Т жетілдіруге рұқсат беріп және қазақстандық қамту мүмкіндігімен машинаны дайындау және бұл техника түріне орындауға қойылатын барлық талаптарымен, ол өзінің сипаттамалары бойынша шетелдік өнімдерден кем түспейді», - деп атап өтті кәсіпорын басшысы. 

Зауыт жоспарында – ресейлік компаниялармен ынтымақтасты жалғастыру.

«Семей машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны, ол ҚР Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің сенімгерлік басқаруында тұр. 

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту