Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
"КАЕ" алғаш рет Өзбекстанға түнгі көру құралдарын қойды

Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің қажеттіліктері үшін түнгі көру аспаптарының тәжірибелік партиясын "КАЕ" ЖШС қазақстандық кәсіпорны 2017 жылдың соңында қойған. 

Зауыт өткен жылдың қыркүйек айында Ташкентте өзінің электронды-оптикалық өнімдерін "Өзбекстан – Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі"өнеркәсіптік көрмесінде көрсетті.

Кейін өзбек тарапы қызығушылық танытып, нәтижесінде екіжақты келісім жасалды. Қазақстандық түнгі көру құралдары тиісті сынақтардан сәтті өтті.   

Айта кету керек, қазіргі уақытта өзбек серіктестері экспорттық өнім желісін кеңейтуге қызығушылық танытты. 

"Қазақстан инжиниринг" ҰК "АҚ құрамына кіретін "КАЕ" ЖШС түнгі көру аспаптарын, тепловизиялық көздеуіштерді, электрондық платаларды және оптикалық линзаларды өндіруге маманданған. 

Кәсіпорын өнімдері бүгінде Қазақстан армиясында кеңінен қолданылады және шетелге экспортталады. 

"Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ баспасөз қызметі


Кері қайту