Ағымдағы жылдың 24 қарашасында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Орман Нұрбаев «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның ұжымына жаңа бас директор Вадим Шақшақбаевты таныстырды.
Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Ұлттық компанияның бұрынғы басқарма төрағасының орынбасары лауазымында болған Вадим Шәмілұлы Шақшақбаев «ПАМЖЗ» АҚ бас директоры болып тағайындалды.
Көптеген жылдар бойы В. Шақшақбаев әртүрлі басқарушылық лауазымдарда болды, басқарушылық саласында тәжірибесі айтарлықтай мол.
«Қазақстан инжиниринг» Басқарма төрағасы қойылған талаптардың жаңа басқарушымен сәтті орындалатындығына сенімділігін білдірді.
О.Нұрбаев «ПАМЖЗ» АҚ бұрынғы бас директоры Қуаныш Бішімовке кәсіпорынның дамуына қосқан жеке үлесін атап, жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі
«ПАМЖЗ» АҚ бас директоры тағайындалды