А.ж. 26 қазанда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жобалық кеңсесінің өкілдері «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау жобалық кеңсесінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері Қордың Корпоративтік Орталығына бағаның қалыптасуына және тұрақты коммерциялық нәтижелерге қол жеткізуге баса назар аударып «Стратегиялық Холдинг – Белсенді Инвестор» нысаналы операциялық моделіне көшуді сапалы және уақытылы аяқтауға мүмкіндік берген Жобалық басқару тәжірибелерімен бөлісті.
Қор баға қалыптастыруға баса назар аудара отырып стратегиялық ПӘК арқылы активтерді қоржын арқылы басқаруға көшті, кемел қоржынды компаниялардың дивидендтері ұлттық экономиканың жаңа секторларын дамытуға қайта инвестицияланады, Жекешелендіру шеңберінде Қор қоржынынан активтердің бір бөлігін шығару іске асырылады.
Қазір Трансформациялаудың басты назары Қоржынды компаниялар деңгейіне ауысуда, онда корпоративтік бизнес процестерді стандарттауды және цифрландыруды, сатып алу қызметінің жаңа моделіне көшуді, жоспарлаудың интеграцияланған жүйесін құруды және т.б. қоса алғанда, 130-ға жуық трансформциялау жобасы іске асырылуда.
Бизнес нәтижелерді одан әрі өсіру, Трансформациялау, Жекешелендіру міндеттерін сәтті іске асыру және компаниялардың IPO-ға сәтті шығуы үшін Қорда және қоржынды компанияларда Жобалық Басқару мәдениеті мен тәжірибелері енгізілуде.
«Біз Қорды коммерциялық Стратегиялық Холдинг нысаналы операциялық моделіне көшіру жұмыстарының аяқталғаны туралы биылғы жылдың мамырында жариялаған болатынбыз. Бүгін біз Agile, Scrum және Канбан тәсілдерін қоса алғанда, жобалық басқаруды күделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Project Management Office тобының басшысы Николай Бутвина.
Өз кезегінде, Министрліктің қызметкерлері Министрлікте енгізілген жобалық қызметті басқару жүйесі жайлы айтты.
Кездесуді қорытындылай келе, Министрлік пен «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері жобалық басқаруды сәтті енгізу жөнінде тәжірибе алмасу бойынша одан арғы ынтымақтастық орнайтындығына сенім білдірді.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Министрлік жобалық басқарудың үздік тәжірибелерін енгізуде