Ағымдағы жылдың 26-27 қазанында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Францияға барды.
Сапар барысында Франция қару-жарақ бас дирекциясының басшысы Жоэлем Барремен, Франция шетел және Еуропа министрі жанындағы Мемлекеттік хатыш – экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-француз Үкіметаралық тең төраға Жан-Батистом Лемуаноммен, сондай-ақ «AirbasDefenceandSpace» компаниясының жетекшісі Николя Шамусмен, «Thales» компаниясының атқарушы вице-президенті Алекс Крессвеллмен, «SafranElectronicsand Defence» компаниясының президенті әрі бас директоры Мартен Сионмен және «MBDA» компаниясының экспорт бойынша директоры Жан-Люком Ламотпен кездесті.
Келіссөз барысында ғарыш, азаматтық-әскери авиация және қару-жарақ салалары бойынша Қазақстан мен Франция арасында екіжақты ынтымақтастық сәтті бекітілді.
Келіссөз қорытындысында әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде жеке құжаттарға қол қойылды.
Қазақстан делегациясы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ стратегиялық серіктесі болып табылатын Тулуза қаласындағы спутниктерді құрастыру-сынау өндіріс орны – «Airbus DC SpaceSystems» компаниясына барып, азаматтық-әскери мақсаттағы геостанционарлық спутниктерді құрастыру және салу жұмыстарымен танысты.
Жұмыс сапары қорытындысында Қазақстан мен Франция екіжақты қарым-қатынастың потенциалы жоғары екенін және келешекте жоғарыда аталған салалар бойынша ынтымақтастықты тереңдете түсетінін атап өтті, сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыруда нақты тәжірибелік қадамдарды анықтады.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан мен Франция әскери-өндірістік салада ынтымастығын арттырады