«Ростех» мемлекеттік корпорациясының Ресей тікұшақтары холдингі, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ және «№405 ұшақтар жөндеу зауыты» АҚ (Қазақстан) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Қазақстанда Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірі торапты жинау және тікұшақтардың қызмет ету мерзімін қолдау жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ, 2025 жылға дейін 45 тікұшақ жиынтығын жеткізу мүмкіндігін пысықтауды болжап отыр.
«Біздің Қазақстандық әріптестеріміз бізге 2017-2025 жылдар аралығында өз аумағында тікұшақтардың құрастыру өндірісін ұйымдастыру туралы бастамасымен жүгінді. Бұл аралықта біз, бұл мүмкіндікті қарастыруға, соның ішінде тікұшақты тапсырыс берушінің талаптарына сай өзгертуге келістік», - деп, мәлімдеді Ресей тікұшақтары холдингі компаниясының бас директоры Андрей Богинский.
Қазақстанда құрастыру өндірісін ашу жобасы тікұшақтардың қызмет ету циклін логистикалық қолдау, инженерлік-техникалық құрамды оқыту, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «№405 ҰЖЗ» АҚ құрастыру өндірісін сертификаттау жүйесін одан әрі дамытуды көздейді.
Одан өзге, жылдың аяғына дейін тараптар алғашқы үш тікұшақ жиынтығын жеткізу келісімшартына қол қоюды, ал, келесі жылдың басында жеткізілетін жиынтықтардың барлық көлемін кезең-кезеңімен жеткізу туралы шарт жасасуды жоспарлап отыр.
Ресей тікұшақтары
РЕСЕЙ ТІКҰШАҚТАРЫ ӨНДІРІСІН ҚАЗАҚСТАНДА ӨРІСТЕТУГЕ ДАЙЫН