Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Ғарышқа Қазақстандық жол: жүзеге асуы мен даму келешегі – 2017» форумы

2017 жылдың 19-20 қазан күндері Астанада алғашқы жасанды Жер серігінің ұшырылуына 60 жыл толуына арналған «Ғарышқа Қазақстандық жол: жүзеге асуы мен даму келешегі – 2017» Халықаралық форумы өтуде.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырып отырған форумның мақсаты – экономика саласындағы мәселелерді шешу үшін ғарыш қызметіндегі нәтижелерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу, соңғы он жылдағы ғарыш қызметінің қорытындысын қарастыру, сондай-ақ әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамыту жоспарларын талқылау болып табылады.

Бұл шараға 18-ден аса елдерінің 500-ден аса ғарыш мекемелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, танымал ғалымдар, ғарыш технологиясы саласындағы әлемнің жетекші компанияларының мамандары қатысты.

Форумды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов ашып, Қазақстан ғарыш саласын дамыту бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндетінің маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен бірге ҚР Халық Қаһарманы, Ресей Батыры, ұшқыш-ғарышкер, ҚР Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев пен «Роскосмос» Мемлекеттік корпорациясы Бас директорының ғарыш қызметі бойынша орынбасары Сергей Савельев құттықтау сөздерін айтты.  

Пленарлық отырыста отандық ғарыш саласын дамыту туралы негізгі баяндаманы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Марат Нұрғожин жасады.
Сондай-ақ, француздық «Airbus Defence and Space» және «Thales Alenia Space» компанияларының, академик М.Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» ресейлік компаниясының, «Satrec Initiative» корей компаниясының және Еуразиялық экономикалық комиссия мен ғарыштық технологиялар Қытай академиясының өкілдері және өзге де өкілдер де баяндама жасады.

Форумның алғашқы күні «Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар» атты Еуразиялық технологиялық платформасының жалпы жиыны отырысымен аяқталды.
Форумның екінші күні «Мемлекеттің интеграциялық жүйесі – Жерді қашықтықтан зондтаудың ұлттық дерек көзі негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметті ұсыну бойынша Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі» мемлекетаралық бағдарлама жобасына дайындық бойынша Мемлекетаралық жұмыс тобының 1-ші отырысын өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, ғарыш технологияларын дамыту мен Қазақстанның ғарыш саласына инвестиция тарту мәселелерін талқылау, «Байқоңыр» ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін арттыру бойынша пікір алмасу және Жерді қашықтықтан зондтау мен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі деректерін тиімді пайдалану туралы шеберлік сабақтары өткізілетін болады.

Аталған Халықаралық форумның ерекшелігі оның аясында  форумның екінші күні Астана қаласында алғаш рет өткізілетін «Қазақстандағы ғарыш ғылымы: қазіргі жағдайы мен даму келешегі» тақырыбындағы Фесенковск оқулары» атты ғылыми конференцияның өтуі.

Дәл сол күні «Мәдениет диалогы – Бірыңғай әлем» Халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен Астана қаласындағы Ұлттық Ғарыш орталығында алғаш ғарышқа ұшқан Ю.А. Гагарин ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі  болады.

Халықаралық форумның қорытындысы шараның қорытынды қарарына және серіктестермен ресми құжаттарға қол қою рәсімімен аяқталады, форумның ресми жабылуы 2017 жылдың 20 қазанында өтеді.

Астанада келесі Халықаралық форум «KADEX – 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік V Халықаралық көрмесі аясында өтетін болады.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Кері қайту