Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
С.М. КИРОВ АТЫНДАҒЫ МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ 75 -ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫН АТАП ӨТТІ

Жақында М.Ю. Лермонтов  атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-ның (Алматы) 75- жылдық мерей тойына арналған мерекелік кеш өтті. Мерекелік шараға қонақтар, кәсіпорын ұжымы, сондай-ақ,  зауыт ардагерлері қатысты. 

«Қазақстан инжиниринг»ҰК» АҚ атынан қатысушыларды, осы айрықша күндерімен  Басқарма төрағасының  орынбасары Сая Мыңшәріпова, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы департаментінің директоры Ратмир Комратов, омбудсмен Мақсұт Әбілқайыр құттықтады.

Шақырылған қонақтар арасында машина жасаушылар салалық кәсіподағының Төрағасы Кайырбек Кұсайынов, Қазақстан машина жасаушылар Одағы басқармасының мүшесі Павел Беклимишев, Қорғаныс министрлігінің, шетел компанияларының өкілдері, сонымен қатар «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ (Петропавл қ-сы) бас директоры Марат Әбілмәжінов болды.

«С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ   бас директоры Дулат Күреңбеков жиналғандар алдында сөйлеген өз  сөзінде  зауыт тарихының басты оқиғалары мен деректеріне тоқталып өтті. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде зауытта түрлі  өнімдердің 150 түрі жасап шығарылады және арнайы өнімдердің  қалпына келтіру жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жылу қозғалтқышымен торпедалар (су асты миналар)  жасап шығару-бұл зауыттың негізгі маманданған ісі. Кәсіпорын  кеме гидравликасын және су  қазандықтарының жану автоматикасын, жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы машина жасау өнімдерін жасап шығарады. Өндірістің технологиялық мүмкіндіктері, жасалуы қиын жоғары дәрежелі өнімді дайындауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, бас  директор  кәсіпорынның  құю ісінен бастап механикалық өңдеу, құрастыру және сынақтан өткізу жұмыстарына дейінгі, тұйық өндіріс циклі бойынша жұмыстар жасайтынын атап өтті. 

«Осы өткен 75 жыл ішінде біз көптеген нәрсені басымыздан өткіздік: сәтті кезеңдер мен қиындықтар да болды, шарықтау шақтары мен құлдырау кездері де орын алды. Бірақ, бұл ауыр жолды біз лайықты өте алдық. Бірге! Және сіздердің арқаларыңызда, қымбатты зауыт қызметкерлері,  біздің алдымызда жұмыс атқарған  зауыт қызметкерлерімен салынып кеткен дәстүрлерді қастерлейміз», - деді өз сөзінде Д. Күреңбеков.

Бас директор зауыт қызметкерлеріне  көп жылдық еңбектері үшін алғысын білдірді,  оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне сәттілік тілей отырып, мерей тойларымен құттықтады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі


Кері қайту