Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Ғарышқа қазақстандық жол: нақты істер және перспективалар - 2017

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

***********************************************************

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Аэроғарыш комитеті

Халықаралық форум:

«Ғарышқа қазақстандық жол: нақты істер және перспективалар - 2017»

2017 жылғы 19-20 қазан, Астана қ., Қазақстан Республикасы 

***********************************************************

Wyndham Garden Astana қонақ үйі

Мекенжайы: Астана қ., Т. Рысқұлов көшесі, 6/1.

***********************************************************

Құрметті ханымдар мен мырзалар, құрметті әріптестер!

Сіздерді алғашқы жасанды Жер спутнигінің ұшырылуының 60 жылдығына арналған «Ғарышқа қазақстандық жол: нақты істер және перспективалар - 2017» халықаралық форумының жұмысына Қазақстанның қатысуға шақырамыз.

«Форум туралы»

Халықаралық форумның мақсаты экономика салаларының міндеттерін шешу үшін ғарыштық қызмет нәтижелерін пайдалану жөніндегі тәжірибені талқылау мен  алмасу болып табылады.

Төрт жыл бұрын басталған «Қазақстандағы ғарыш күндері» жыл сайынғы семинары 2017 жылы қатысушыларының көбеюімен және ауқымды міндеттерді қарастыруымен Халықаралық форумға ұласып отыр. 

Халықаралық форумда соңғы он жылдағы ғарыштық қызметтің қорытындылары, Қазақстан Республикасының ғарыштық саласының даму перспективалары қаралады.

Халықаралық форумды өткізу отандық және әлемдік ғарышкерліктің жетістіктерін кеңінен таратуға, Қазақстанның ғарыштық жобаларының инвестициялық тартымдылығының дамуына, әлеуетті тұтынушыларды (мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жеке ұйымдар, қаржылық институттар және басқ.), Қазақстан Республикасының ғарыштық кәсіпорындары ұсынатын қызметтерді тартуға жәрдемдеседі.

Халықаралық форумды ұйымдастырушылар ретінде Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің кәсіпорындары:

 «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ

 «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ

 «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ

«Инфракос» РМК

 «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК болады. 

Халықаралық ғарыштық форумда үстіміздегі жылы ғарыштық ведомстволар мен мемлекеттік органдардың 400-ден астам өкілінің, спутниктік жүйелер мен ғарыштық технологиялар жөніндегі әлемдік жетекші компаниялар мамандарының, атақты ғалымдардың қатысуы күтілетінін атап өткен жөн.

Аталған іс-шара шеңберінде «Қазақстандағы ғарыштық ғылым: жағдайы және перспективалары» тақырыбына бесінші Фесенковтық оқулар» конференциясын өткізу көзделген, оның аясында заманауи ақпараттық технологиялар негізінде алыс және жақын ғарыштың астрофизикалық объектілерін дамыту мәселелері; күн-жер физикасы және геодинамика; ғарыштық техника мен технологиялардың приборлары мен аппараттық-бағдарламалық құралдары; Қазақстанда аэроғарыштық материалтанудың өзекті мәселелері; ғарыштық мониторинг әдістерін және геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып Жерді зерттеу  бойынша ғылыми және практикалық семинарлар өткізіледі.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫНДА ТАЛҚЫЛАЙДЫ:

1 секция. Ғарыштық технологиялардың даму перспективалары және Қазақстан Республикасының ғарыштық қызметіне инвестициялар тарту

2 секция.  Қазақстан Республикасының экономика салаларында ЖҚЗ және ДСНЖ технологияларын пайдалану тәжірибесі

3 секция. Байланыс және телекоммуникация

4 секция. Ғарыштық техника өндірісі

5 секция. «Байқоңыр»  ғарыш айлағының қызметінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру

6 секция. Шет елдердің Кеңістіктік деректерді  беру ұлттық инфрақұрылымын құру тәжірибесі

«Қазақстандағы ғарыштық ғылым: жағдайы және перспективалары» тақырыбына бесінші Фесенковтық оқулар» конференциясы шеңберінде келесі секция бөлімшелері бойынша мына баяндамалар ұсынылатын болады:

1)    Қазақстандағы аэроғарыштық материалтанудың өзекті мәселелері;

2)   ғарыштық мониторинг әдістерін және геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып  Жерді зерттеу;

3)  күн-жер физикасы және геодинамика;

4)  ғарыштық техниканың приборлары мен аппараттық-бағдарламалық құралдары және технологиялары;

5)  қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың базасында алыс және

6)  таяу ғарыштың астрофизикалық объектілерін мониторингтеу және зерттеу әдістерін дамыту.

 
Құрметті қонақтар!

Форумға қатысу және баяндамамен сөз сөйлеу үшін www.gharysh.kz/forum2017 сайтында тіркеуден өту қажет.

«Ғарышқа қазақстандық жол: нақты істер мен перспективалар» Халықаралық форумына қатысуға өз өтінімдеріңізді Сіздер forum.kazkosmos@mdai.gov.kz поштасына жібере аласыздар.

Ұйымдастыру комитеті

Кері қайту