«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Орман Кәрімұлы Нұрбаев ұлттық компания ұжымын Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтады.
Мерекеге арналған салтанатты жиналыста компанияның басшысы бұл күннің Қазақстандықтар үшін ерекше екендігін, себебі Негізгі Заң біздің еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығының негізі болып табылатындығын атап өтті.
Конституцияның ережелері мен қағидаларын сақтау, заңның үстемдігін қалыптастыруға, ұлтаралық бірлікті сақтауға, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік берді.
Омбудсмен Мақсұт Әбілқайыр қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы қалай және қандай жағдайда қабылданғаны туралы еске салды.
Оның айтуынша, шет елдердің тәжірибесін ескере отырып, тиісті басымдықтарды айқындай білген біздің еліміз одан әрі дамудың өзіндік жолын таңдады.
Салтанатты шараны аяқтай келе О. Нұрбаев жиын қатысушыларына денсаулық, отбасыларына - игілік, елге - бейбітшілік, гүлдену мен тұрақтылық тіледі.