Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС және Airbus Defence and Space ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Airbus Defence and Space (Airbus DS) еуропалық аэроғарыш тобы C295 ұшақтарына қызмет көрсету үшін «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС-не техникалық қолдау көрсетеді.

Тиісті келісімге «КАИ» ЖШС бас директорының м.а. Сырымбек Сәдуақасов және Airbus DS әскери ұшақтарды сату бойынша басшысы Оскар Алонсо Ромеро Астана қаласына Испания депутаттары конгресінің төрағасы Ана Пастордың жұмыс сапарының шеңберінде қол қойды.

Келісім Қазақстан компаниялары басшылығының мәліметі бойынша «КАИ» ЖШС-не C295 ұшақтарына қызмет көрсету бойынша өндірістік қызметін бастауға мүмкіндік береді.

Airbus Defence and Space «КАИ» ЖШС-де жүзеге асырылуы керек, оның қызметкерлерінің, инфрақұрылымының және осы тектес ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді орындау бойынша талаптар рәсімдеуіне сәйкес келуі үшін жоспарлар әзірлейді.

Сонымен бірге, Airbus DS «ҚАИ» ЖШС-нің қызмет көрсететін қызметкерлеріне олармен С295 ұшақтарына алғашқы инспекция орындау кезінде техникалық қолдау көрсетеді және осы инспекцияны орындау үшін талап етілетін жарияланымның өзекті нұсқасын және технологиялық картаны ұсынады.

Анықтама ретінде:

«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС (Астана қ.) «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес компаниясы болып табылады. Серіктестік әуе кемесін өндіру, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сатуға маманданған.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту