Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен РҰК «МиГ» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Ресейдің МиГ» ұшақ жасау корпорациясы» АҚ Қазақстанда «МиГ» маркалы ұшақтардың агрегаттарын және жекелеген бөлшектерін өндіру туралы келісімге келді. Жобаны «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының бірінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Тиісті келісімге Жуковта (Мәскеу облысы) XIII Халықаралық МАКС-2017 авиациялық-ғарыш салоны 19 шілде күні қол қойылды.

Құжаттың астына «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Вадим Шақшақбаев пен «РҰК «МиГ» АҚ бас директоры Илья Тарасенко қолдарын қойды.

Келісім Қазақстан мен Ресей арасындағы өзаратиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге, қазақстаннның авиациялық индустриясын одан әрі дамытуға бағытталған.

Құжатпен «РҰК «МиГ» өндіретін «МиГ-35» көп функционалды жойғышты бірлесе ілгерілету және ұшақтарға қызмет көрсету бойынша Қазақстанда толыққанды қызмет көрсету орталығын құру қарастырылған.

Сондай-ақ, салалық инженерлік-техникалық құрамды даярлау жүзеге асырылатын болады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі

Кері қайту