Жұмысшылар балаларына арналған жазғы сауықтыру акциясы еліміздің өңірлерінде жақын арадағы маусым күндерінде басталады. Балалар лагерлерінде демалу ата-аналары «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ кәсіпорындарында жұмыс атқаратын ұлдар мен қыздар үшін ұйымдастырылып отыр.
Компанияның және ЕТҰ қызметкерлеріне олардың балалары үшін жазғы демалысын ұйымдастыру және басқа да мәдени іс-шараларды өткізу әлеуметтік қорғау үлгілерінің бірі болып табылады.
Мысалы «Тыныс» АҚ (Көкшетау қаласында) басшылығы жылсайын өзінің қызметкерлеріне Бурабай курорттық аймағында орналасқан сауықтыру орталықтарына жолдама алуға материалдық көмек көрсетіп келеді. Зауыт жалпы соманың 80% құның қаржыландырады, қалған 20% шығынды ата-аналардың өздері көтереді. 2015 жылы осы мақсатқа үш миллионнан теңгеден астам қаржы бөлінген болатын, ал 2016 жылы – 2 миллион 200 мың тенге бөлінді. Осы жылы «Тыныс» АҚ қызметкерлерінің 50 баласын есте қаларлық әсерлер, таза ауадағы серуен, танымдық саяхаттар және жаңа таныстар күтуде.
Зауыттықтардың балалары үшін жазғы демалыс «Семей инжиниринг» АҚ кәсіпорнында да қарастырылған, кәсіпорынның кәсіподағы ата-аналарға олардың балаларының жазғы лагерлердегі демалысын төлеп береді. Жыл сайын каникулдық демалыстарменд балаларды қамту күрт өсуде, осы жаз айында олардың саны 20 адамды құрайды.
Кәсіподақ комитеті мүшелік жарналардың есебінен жыл сайын «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ (Ерментау қаласында) қызметкерлерінің балаларына демалыс ұйымдастырады. 15 жасқа толмаған балалар Ақмола облысында орналасқан Сілеті өзенінің жанындағы лагерлердің бірінде уақыттарын белсенді өткізеді. Бұл жерде балалардың жайлы, толық қанды өмір сүруі үшін түрлі жарыстар, саяхаттар, шомылу, бес реттік ас-мәзірі қарастырылған.
Мұндай Шаған және Дерқұл сияқты өзендердің жағасында маусым айынан тамызға дейін «Зенит» Орал зауыты» АҚ қызметкерлерінің балалары демалысын өткізеді. Олардың таңдауына үш лагерь, соның ішінде, 10-12 күн болатын туристік лагерь бар. Жолдама құнының 50% төлемін кәсіпорынның кәсіподағы өзіне алады.
«Жұмысшылар зауыт басшылығының бұл бастамаларына жақсы көзқараста. балалардың сауықтыру демалысын қамтамасыз ету - біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі» - деп, атап өтті «Зенит» зауыты кәсіподақ комитетінің басшысы Владимир Куликов.